masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

МАҚТААРАЛ: ӘСКЕРИ САРБАЗДАР ЕРЛІГІ

15 мая, 2020
in Қоғам
0
МАҚТААРАЛ: ӘСКЕРИ САРБАЗДАР ЕРЛІГІ
0
SHARES
23
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Техногендік апаттың салдарын жою, тілсіз жаумен күрес – бұл Мақтаарал ауданында техногендік апат салдарын жоюға келген әскерилердің күнделікті өмірі.
Оңтүстікке көмекке келген ұзынағаштық 28237 әскери бөлімінің жедел механизацияланған отряд сарбаздары 10 мамыр күні Жеңіс елдімекенінде газ құрылғысымен жабдықталған Мерседес автокөлігінен өрт шыққанын байқайды. Оқиға орнына жедел барған әскери қызметшілер автокөліктегі өртті сөндіріп, көлік иесіне көмектеседі. Шұғыл әрекеттің арқасында көлік иесіне зақым келмеген. Бұл батырлардың есімі – майор Жұмабеков Бауыржан және қатардағы жауынгер Нури Бағлан.
Ал Шымкент қаласынан келген 6506 әскери бөлімінің қызметкерлерінен құралған жасақ Мырзакент ауылында патрульде жүріп, таңғы 4-5 шамасында тұрғын үйлердің бірінен газ баллонының жарылғанына куә болады. Өрт басталған үйдің есігін ашып, көршілеріне хабар бере отырып, үй иесін шақыртады. Кезекші аға лейтенант Құдайбергенов Серік өрт болған жерге учаскелік полиция қызметкерін және өрт сөндіру командасын шақыртады. Өртті сөндіріп, адамдар қауіпсіздігі үшін шеп құрады. Бұл сарбаздардың күнделікті басынан өткізіп жатқан оқиғалардың бір парасы ғана.
Атап өтейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақта 1626 адам, 324 техника, 17 қайық, 217 мотопомпа жұмыс істеуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

МАҚТААРАЛ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДАРЫНДА 130 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Next Post

ШАРДАРАДА «АСТАНА НАН» НАУБАЙХАНАСЫ БІР АУДАНДЫ НАНМЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде