Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде “Ордабасы марафоны” болып өтті. «Дені саудың-жаны сау» ұранымен өткізілген спорттық шараға аудандағы мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Орталық алаңда бастау алған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы аталған марафонның тарихына, маңыздылығына тоқталып, аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырды. Сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тіледі.
Марафон барысында аудан әкімі түрлі спорт түрлерінен ауданымыдың намысын қорғап, талай байрақты бәсекелерде жүлделі орындардан көрініп жүрген жас спортшыларды құттықтап, жеңіспен оралғаны арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Марафонға қатысушылар орталық алаңнан бастап бастап, “Қажымұқан” атындағы орталық стадионында дейін жүгірді.
Марафонның жалғасы спорттың 7 түрінен жарыс өткізумен жалғасты.
Атап айтар болсақ: Қол күресі, Гір тасын көтеру,Арқан тарту, Шахмат, Үстел теннисі, Кіші футбол және Волейбол.
Жалпы жарысқа 13 команда қатысып, бақтарын сынады.
Спорттық бәсеке түрлері бойынша жекелей және командалық болып өткізілді.
1-орын Сапаров Нұрсұлтан
2-орын Рызманов Батырхан
3-орын Әбілқас Нұрдаулет
1-орын Өтжан Ақтөре
2-орын Мұхаммедәлі Сағымбек
3-орын Диханов Мұрат
1-орын Әбзиев Т
2-орын Ақшалов Ф
3-орын Ажибеков Г
1-орын Ибраймхан Аңсарәлі
2-орын Бердімұрат Бақдаулет
3-орын Маметулла Нұрболсын
1-орын Темірлан спорт клубы
2-орын Аудандық орталық аурухана
3-орын Төрткөл,Қарақұм құрама командасы
1-орын Бадам, Бөржар құрама командасы
2-орын Теміржан спорт клубы
3-орын Білім бөлімі
1-орын Ішкі істер бөлімі
2-орын Төрткөл әкімдігі
3-орын Жеңіс, Қажымұқан құрама командасы
1-орын Темірлан спорт клубы,БЖСМ
2-орын Білім бөлімі
3-орын Бадам, Бөржар құрама командасы иеленді.
Спорттық жарыста орын алған жеңімпаздармен мен жүлдегерлерге Ордабасы аудандық мәлениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру спорт бөлімі тарапынан арнайы дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.



