masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home жастар

Жобаға қатысушылар «Отбасы» ағашын өсірді

25 сентября, 2022
in жастар
0
Жобаға қатысушылар «Отбасы» ағашын өсірді
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістандағы NIS-те «Берік отбасы» бағдарламасының кезекті бөлімі өз жалғасын тапты. Екінші бөлім «Отбасы құндылықтары және тәртіп», «Ата-анаға деген құрмет және махаббат» тақырыптарына арналды.
Ата-аналар жиналған сессияда педагог-психолог Жанна Арынбаева тренингтің бірінші бөлімінен кейінгі бір аптада қандай өзгерістер орын алды, балаңызға шектеу қоюда қандай әдістер мен ережелер қолдандыңыз, оған деген махаббатыңызды қалай көрсетесіз деген сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.
Тренинг барысында «Бұл жастағы бала қандай болады?» сауалында ата-аналарға арнайы бейнероликтер көрсетіліп, сол жағдаяттар туралы бір-бірімен әңгімелесіп, тәжірибе алмасуда балаларының бойындағы өзгерістер туралы айтып, қандай әрекет жасау керек екенін ақылдасып өз ойларын ортаға салды. Осы тұста психолог пен фасилитатор ата-аналардың ойларын тыңдауда бейнероликте көрініс тапқан оқиғалардың қатысушылардың айтқан жауаптарына ұқсас екенін анықтап және дәл осы жағдайда отбасындағы тәртіптің маңызды екенін түсіндірді. Яғни ата-аналар баланың меңгеруі маңызды талаптарды тізім бойынша жазып «Менің балаларымның міндеттері мен ережесін» өз отбасылық ережелерін құрды.
Ал оқушылар тобына ата-аналарының қамқорлығын түсіну және құрметтеу мақсатында «Ата-анамызды құрметтейміз» тақырыбында тренинг өткізілді. Жас зияткерлер шеңбер ішінде «Сенің маған мына тұсың ұнайды» фразасымен бір-біріне жақсы сөздер айтып, ерекше ықылас білдірді. Сонымен қатар қос топтың ата-ана/бала болудың жақсы және қиын тұстары жайлы екі тараптың пікірлері тыңдалып, талқыланды.
Ойын соңында ата-аналар мен оқушылар бір топта жиналып отбасы мұшелерінің мықты тұстарын ағаштың әр жапырағына жазуда өз отбасыларының ағашын өсірді.
Previous Post

Түркістандық жас теннисші Грузиядағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

Next Post

“Ордабасы марафоны” өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде