masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жол жөндеу жұмыстарындағы ақаулар 15 мамырға дейін жойылады

2 апреля, 2022
in Қоғам
0
Жол жөндеу жұмыстарындағы ақаулар 15 мамырға дейін жойылады
0
SHARES
64
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Одан кейін мердігерлерге мерзімі өткен әрбір күн үшін айыппұл салынады. Мұндай тапсырманы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мамандандырылған комиссия өкілдеріне берді. Ол жөндеуден кейінгі жолдардың сапасын тексеру барысында бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Қала басшысының тапсырмасымен құрылған — құрамында көлік және автомобиль жолдары басқармасы мен «жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК қалалық филиалының мамандары бар комиссия сегіз мердігер компания орындаған жол жұмыстарының сапасын тексеріп, кемшіліктер бар екенін айтты.

Атап айтқанда, 310 шақырымдық салынған және жөнделген жолдың 2,8 шақырымында кемшілік орын алды. Жөнделген 980 ұңғыманың 21-ін мамандар сапасыз жасалғандықтан қабылдамады.

Әкімдік мердігер мекемелердің басшыларына нысандарды 15 мамырға дейін қалпына келтіру үшін ескерту хаттарын жолдады. Талаптарды мерзімінде орындамаған жағдайда құрылысшыларға мерзімі өткен әрбір күн үшін айыппұл салынады.

Еске сала өтсек, өткен жылы Шымкентте 310 шақырым автожолда құрылыс жұмыстары жүргізілді — 72,2 шақырым жаңа жол салынды және 237,8 шақырымы жөнделді.

Әуежай аумағындағы 4,5 шақырым веложолдан 0,6 шақырымындағы кемшілікті кәріз жүйесін жүргізген мердігер — «ЭнСаф» ЖШС ретке келтіретіні белгілі болды. Бүгінде жұмыстар жүргізілуде. Ал кәріз жүйесі орнында «Береке корпорациясы» компаниясы автожол мен веложол құрылысын бастайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Мәдениет комитетінің төрағасы Түркістанда

Next Post

Жетісайда шүберек байланған ағаштарды сындырған азаматқа айыппұл салынды (ВИДЕО)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде