masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жетісайда шүберек байланған ағаштарды сындырған азаматқа айыппұл салынды (ВИДЕО)

2 апреля, 2022
in Қоғам
0
Жетісайда шүберек байланған ағаштарды сындырған азаматқа айыппұл салынды (ВИДЕО)
0
SHARES
35
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының полицейлері Жетісай қаласының саябағындағы шүберектер байланған ағаштарды сындырған азаматты анықтады. 

Әлеуметтік желіде екі жігіттің шүберек байланған ағаштарды сындырып, артынша өртеген видеосы тарады. Олар өздерінің бұл әрекетін халықты жалған ырымға сенбеуге шақыруымен байланыстырды. Алайда видеоның астына оқырмандар «ағашты сындырмай, шүберектерді алып тастау керек, ертең басқа талға ілсе, оны осылай сындыра ма?» деген пікірлерін жазды.

Өз кезегінде жергілікті тәртіп сақшылары құқық бұзушы азаматқа қатысты хаттама толтырғанын мәлімдеді.

«Түркістан облысы ПД-нің полицейлері бірден бейнежазбадағы жайт бойынша тексеру жүргізіп, оқиғаның Жетісай ауданында болғанын анықтады. Яғни құқық бұзушы ер адам Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Жетісай аудандық сотына жолданды. Сондай-ақ тұрғынның әрекетіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – делінген хабарламада.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Previous Post

Жол жөндеу жұмыстарындағы ақаулар 15 мамырға дейін жойылады

Next Post

Алматыда екі облыстың жерлері бөлініп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде