Мегополис болғанына қарамастан Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын тұрғындар көп. Ертеден есігінің алдында көкөніс өсіреді, ауласында мал бордақылайды. Қалаға көрші аудандардағы елді-мекендер қосылған соң, аумағы артып, сонда тұратын ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің үлес салмағы артты. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Серікұлы Оспанов Қаратау ауданына қарасты Мәртөбе шағынауданында орналасқан «Ет өнімдері KZ» ЖШС жұмысымен танысты. Мұнда 3000 бас ірі қараға арналған алаң бар. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру міндеттемесі қойылған. Аталған шаруашылықтың осы істі жүзеге асыруға үлесі үлкен болмақ.
Шарушылықта бүгіннің өзінде 1000 ірі қара мал бордақылануда. Бұқашықтар байлаулы күйінде және әкелінбей (серуендетіп асыраумен) ашық ауада бордақыланады. Шаруашылық казіргі заманға сай ауыл шаруашылық техникалармен, астық пен шөп сақтауға арналған қоймалармен, жем-шөпті ұсақтауға арналған үгіткішпен, қызметкерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлармен қамтылған. Сонымен қатар, ветеринариялық бақылау ұйымдастырылған.
Кездесу барысында шаруашылық қызметкерлері өздерін алаңдатып тұрған проблемалық мәселесін көтерді. Соның негізгісі, шаруашылыққа жем-шөп дақылдарын өсіру үшін егістік жер қажет. Бұл өз кезегінде шаруашылықтың азық-түлік базасының нашарлауына әкеп соқтыруда.
Шымкент қаласының маңында егістік жер тапшылығына байланысты, аталған мәселені халқы аз қоныстанған Бәйдібек немесе Түлкібас аудандарынан жер алып, шешуге болады деп деген ұсыныс айтылды. Осы мәселені жоғарғы деңгейде көтеріп, шешу ұсынылды.