masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Мәжіліс депутаттары көгілдір отын мәселесіне мән берді

21 февраля, 2022
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
Мәжіліс депутаттары көгілдір отын мәселесіне мән берді
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы және Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жұмысымен танысты.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Абай аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Көшікбаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері М.Жолдыхожаев, Н.Балабиев қатысты.
«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы, өңіріміздегі газбен жабдықтау саласындағы ірі компания болып табылады.
Кездесу барысында өндірістің тиімділігін арттыру және Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялар мен заманауи тәсілдерді енгізуге ерекше көңіл бөлетіндігі айтылды.
2021 жылдан бастап 2023 жыл аралығындағы кезеңде ҚР қалалары мен облыстарының газ құбырларының тарату желісін цифрландыру жұмыстарын жүргізіліп жатқандығы баяндалды.
Сонымен қатар мекеме басшысы Ибраев Ернұр Бауыржанұлының айтуынша Шымкент қаласы бойынша 240 мың табиғи газ қолданушы абонент тіркелген болса ағымдағы жылы, соның 75 мыңына жаңа үлгідегі бір орталықтан басқарылатын газ есептегіштертер орнатылады. Бұл өз кезегінде мекеме жұмысын жақсарта түседі.
Осы орайда, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында тұтынушылардың мәселелерін жедел және тиімді шешу үшін өзекті ақпаратты, хабарландыруларды, субъектілердің жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы, тұтынушылардың туындаған сұрақтарына жедел ден қою мақсатында Телеграмм-Бот, Whatsapp-бот мобильді қосымшаларын пайдаланудың тиімділігін тұтынушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мобильді қосымшаларды қолданудың артықшылығы онда жеке шот бойынша деректерді тексеруге, түбіртек алуға, төлемдер тарихын бақылауға, есептеу құралдарының көрсеткіштерін беруге, онлайн төлем жүргізуге, жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға, өтініш қалдыруға тұтынушыларда толық мүмкіндік болады.
Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 9 844 абонент аталған қызметтерді тұрақты қолдануда.

Previous Post

Ел мен жердің иесі - қазақ

Next Post

Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде