Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.
Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясына одан ары төрағалық етудің орындылығы туралы мәселе кейінірек талқыланатынын мәлімдеді.
«Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету.
Бұл жағдайлар, әрине, Президенттің кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауын білдіреді. Сондықтан, біраз уақыттан кейін, мүмкін жыл аяғына қарай, менің Nur Otan-ға одан ары төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз. Мемлекет басшысының теңдессіз мәртебесін саяси реформалардың ауқымды пакетінде түпкілікті бекіту қажет». — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды:
Әйелдердің үлесі 33,7%-ке дейін өсті;
35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, 13%-ке дейін артты;
Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады.
Егемен елімізді бірге өркендетейік!
Рабиға Қуатбекова,
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты
“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық Қоғамдық Кеңестің төрайымы