masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Nur Otan» партиясының XXI Съезінің қорытындылары туралы

28 января, 2022
in Cаясат, MASA24.KZ, Билік
0
«Nur Otan» партиясының XXI Съезінің қорытындылары туралы
0
SHARES
35
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысты.

Жиын қарсаңында партияның Саяси кеңесінің қаулысымен бекітілген күн тәртібіне сәйкес қатысушылар үш мәселені қарады:
1. Партияның Төрағасын сайлау туралы;
2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

➡️1. Партияның Төрағасын сайлау туралы

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен елдің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.

➡️ 2. Жарғыға өзгерістер енгізу туралы

Осы уақытқа дейін партиялық жарна жалақының ең төменгі мөлшеріне байланыстырылып, ең төменгі жалақының 0,7%-ін немесе жылына 3570 теңгені құрағаны белгілі.

Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес осы жылдың қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік төлемдерді ең төменгі жалақыға байланыстыру алынып тасталды.

Партия Жарғысына сәйкес партиялық жарнаның мөлшерін бекіту Съездің айрықша құзыретіне жататындықтан, бүгін делегаттар партиялық жарнаны айлық есептік көрсеткішке байланыстыра отырып есептеу туралы шешім қабылдады. Бұл айлық есептік көрсеткіштің 0,1-ін, яғни жылына 3676 теңгені құрайды.

Съездің 389 делегатының 389-ы Жарғыға өзгерістер енгізуге дауыс берді.

➡️ 3. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы

389 делегаттың 389-ы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді.

Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді.

Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды.
Әйелдердің үлесі 33,7%-ке дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, 13%-ке дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады. Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды.

Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты.

Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артты. ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ке ұлғайды.

Рабиға Қуатбекова

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты
“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық Қоғамдық Кеңестің төрайымы

 

Previous Post

"Nur Otan" партиясының Төрағасы сайланды

Next Post

Түркістан облысындағы өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан аса қой қырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде