Түркістан облыстық маслихатының кезекті он үшінші сессиясы болып өтті. Аталмыш сессия жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімдігінің қызметкерлері, департамент басшылары, қала, аудан әкімдері және басқада мемлекеттік органдар қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Халық қалаулылары қатысқан жиынға «Nur Otan» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары және біліммен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Рабиға Қуатбекова да қатысты.
Сессияны облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргіп жылдың қорытындысы бойынша бірқатар салалар бойынша атқарылған жұмыстардың барысы тыңдалды. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының және облыстық маслихаттағы партия фракциясының атқарған жұмыстары туралы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары- фракция жетекшісі Б.Тәжібаевтың есебі және облыстық қоғамдық денсаулық сақтау, қоғамдық даму басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.
Облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек өз баяндамасында 2022 жылға облыстық бюджеттің түсімдері мен шығыстардың жалпы көлемі 710,1 млрд. теңгені құрап отырғанын жеткізді.
Сессия отырысын қорытындылай келе облыс әкімі Ө.Шөкеев сессия жұмысына сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында депутаттарды мерекелік медальдармен марапаттады.
masa-ақпарат