masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ЕЛБАСЫ «ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ» АТТЫ ҚАҒИДАТТАР ЖИЫНТЫҒЫН ЖАРИЯЛАДЫ

10 декабря, 2021
in MASA24.KZ
0
ЕЛБАСЫ «ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ» АТТЫ ҚАҒИДАТТАР ЖИЫНТЫҒЫН ЖАРИЯЛАДЫ
0
SHARES
22
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.
«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» деген Елбасы оны болашақ ұрпаққа мирас ету – ортақ борышымыз екенін баса айтқан болатын. Осы орайда жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқар тәуелсіздік тұғырына қонған 30 жылда көптеген оң реформаларды жүзеге асырған еліміздің басты жетістіктерінің бірі ретінде шекараны толықтай заңдастырып, бекітуіміз екенін айтты.

Есін жиып, етегін қымтаған елдің ең бірінші қолға алатын басты мәселесі – шекара шебін бекемдеу болатыны анық. Бұл тұрғыда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ қимылдап, қайсарлықпен қайрат көрсетіп, мемлекеттік шекараны шегендеп, халықаралық келісім-шарттарды бекітіп алды. Сондықтан, Қазақстанның шекара мәселесін шешудегі ең басты нәтижесі – болашақ ұрпаққа бейбіт және тұрақты шекараны қалдыру. Көрші елдермен қалыптасқан жақсы қарым-қатынасты одан әрі дамыту және ынтымақтастықты ұлғайту болып табылады.

«Жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым. Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған. Біз Тәуелсіздікті жариялай салысымен шекарамызды құжат жүзінде бекітіп алуға күш жұмсадық. Адамзат тарихында, тіпті қазіргі кезеңде де даулы территорияның соғысқа, қантөгіске алып келгенін көріп отырмыз», — деген Елбасы өзінің «өскелең ұрпақты осындай қауіптен сақтап қалу үшін барын салғанын» айтады. «Енді ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылға жуық ел басқарудағы көреген көшбасшылығын ескере отырып, біз өз кезегімізде қастерлі Тәуелсіздігімізді дәріптеуден танбақ емеспіз. Өйткені, азаттық біздің баға жетпес байлығымыз.

Мадина Ермаханбетова, 

Төлеби аудандық мәслихатының депутаты  

 

Previous Post

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ – ЖАСТАРҒА ЖАҢА БАҒДАР

Next Post

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде