Қазақстан халқы жақын күндерде еліміздің ең қасиетті құндылығы – ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы торқалы тойын атап өтеуге дайындалуда. Осыған орай 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. «Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен азаттыққа таңдау жасадық»,-деп басталған бұл мақалада Елбасы елімізде болған саяси,
экономикалық, әлеуметтік өзгерістердіңбасында болғандығы, оларды амалға асырудағы кедергілер мен қолдаулардың болғанын объективтік және суъбективтік жайттары туралы баяндалған.
Отыз жыл адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, өз тәулсіздігінің 30 жылдығына дайындалып жатқан еліміз үшін, ол – үлкен белес, асқаралы асу болды. Отыз жылда Тәуелсіз Қазақстанның қазірні деңгейіне — тек рухы күшті, бірлігі бекем жұрт қана қол жеткізе алады. Мақалада тарихи тамырымыз басталатын сақтар мен ғұндардан бастап, беріде қаһарман түрік аталарымыз аласапыран замандардағы алақұйын дауылдарға төтеп беріп, Ұлы далада ұлық ұлыстарды құрғандығын айтылған. Сондай-ақ, дана бабаларымыз адал ғұрпын, дархан көңілін, таза тілін, әсем әні мен қоңыр күйін, мәйекті мәдениеті мен бай әдебиетін қоса сақтап, ұрпағына аманаттай білгенін мақтанышпен ескертеді.
Осы орайда Елбасы «тамырын да, тарихын да, күш-қуатын да Ұлы даладан алатын, көптеген этнос
өкілдері татулық пен келісімде, береке-бірлікте бірге өмір сүріп жатқан дәл осындай елдің ұлы мен қызы болу – әр қазақстандықтың маңдайына жазылған шексіз бақыт»,-деп бағалайды.
Қазіргі ғылымда тәуелсіздіктің мән-мағынасы туралы түрлі ғылым өкілдері өзінше тұжырым жасайтыныанық. Бірақ бір нәрсе ақиқат, ол – ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы жан алысып, жан беріскен сан ғасырлық күресінің заңды жалғасы, халықаралық құжаттармен бекітіліп, мәңгілікке берілген сыйы болды. Елбасының ойынша біз, Абай атамыз айтқандай, «ақырын жүріп, анық бастық». Соның арқасында көп
салалар мен бағыттар бойынша өзгелерден озып кеттік. Басқа республикаларда болғаны сияқты азаматтық қарсыластықтардан, аймақтық бөлінулерден сақталдық. Отыз жыл ішінде біз ғасырларға бергісіз даму жолынан өттік. Осыдан жиырма бес жыл бұрын бүгінгі барлық жетістіктерімізге берік заңнамалық іргетас болып қаланған Ата заңымыз – жаңа Конституциямызды қабылдадық. Бүкіл халық болып талқылаған бұл құжат ел даналығы мен ынтымағының, береке-бірліктің іргетасына айналды.
Кеңестік экономиканың теориялық негізі жалаң ой, жадағай пікірлі идеология болғандықтан ол социалистік қоғамдық дамуды тығырыққа «тоқырауға» тіреді. Біздегі экономикалық реформа кеңестік замандағы тек жоғары билік бекіткен жоспарлар мен оны орындай алмаған жергілікті атқару органдарының қосып жазуға негізделген экономикадан нарықтық экономикаға өту болды.
Әлем мемлекеттері тарихыгда экономикалық даму мен демократияның алуан формасы болса да, біз үшін оның дәл сол күйінде көшіріп ала қоятын ортақ үлгісі болмайды. Сондықтан да біз әлемдік тәжірибені қорытып, өз ерекшеліктеріміз бен мүмкіндіктерімізді ескеріп 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясын түздік. Онда белгіленген межелі көрсеткіштерді мерзімінен бұрын орындаған соң халықтың қолдауын тапқан «Қазақстан – 2050» бағдарламасын жасадық,-деп Елбасы еске алды. Елбасының бұл амалға асырған реформаларын әлемдік саясаткерлер мен сарапшылар «Қазақстанжолы» деп жоғары баға берген ұлт дамуының даңғыл жолының өзегін дәл осы қос стратегия құрайды. «Біздің еншімізге тарихымызда өз ауқымдылығы мен қиындығы жөнінен бұрын-соңды болып көрмеген
Елбасы сөзімен айтар болсақ, «Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық». Астана – тәуелсіздігіміздің бойтұмары, мемлекеттігіміздің басты күші. «Астананың алғашқы авторы – Тәуелсіздік. Қазақстан тәуелсіздік алмаса, Астана өмірге келмес еді. …Тәуелсіздіктің басты белгісі – өзіңнің тағдырыңды өзің шешуге қабілеттілігің. Тәуелсіз саясат жүргізе алуың. Астана – Қазақстан халқының дербес таңдауы. Астана – елдің болашаққа салған көпірі. Жаңа қоғамның символы», – деген Елбасы. Сарыарқаның сары белінде ұлан-байтақ қазақ жерінің орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі ғасырлар тоғысындағы тарихи құбылыс. Жаңа мәдени-ғылыми және саяси-экономикалық
алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі – бүгінгі жеткен жетістіктеріміздің бастау күші, қайнар бұлағы. 1997 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданған сәт үлкен аға буынның есінде. Бұл кезде қалың жұртшылықтың әрісәрі күй кешкені де жасырын емес. Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру тәуелсіз мемлекеттің алғашқы стратегиялық шешімдерінің бірі болды. Жанашыр жандар жанұшыра жанкештілікпен еңбек етсе, кейбіреулер әліптің артын бағып, керіспесе де келіспейтіндерін жасырмай, жарыса жазып та, айтып та жатты. Астананың қарыштап
дамуы еліміздің өзге өңірлерінің өркендеп өсуіне серпін берді.
Елбасы бұл мақаласында «Шымкент халқының саны миллионнан асқан республикалық дербес үшінші қала қатарына қосылды. Екі мың жылдық тарихы бар көне Түркістан кейінгі екі жылдың ішінде айтарлықтай өзгеріп, әсем шаһарлардың біріне айналды. Еліміздің өзге өңірлері мен ірі қалаларын да дәл осындай болашақ күтіп тұр деп нық сеніммен айта аламын,-деп жазады . Ол үшін әр қазақстандық алдағы уақытта елдің тұғырын нықтап, еңсесін тіктеп, абыройын асыруға қызмет етуге тиіс. Ең бастысы – еліміз аман, ұрпағымыз азат. Тәуелсіздік жылдарында туылып, қазір орда бүзар отыз жасұа келген және келетін азат ұрпақ ендігі жерде «Мен Қазақстаныма не беремін?» дегенді ойлауы керек.
Құрметті Отандастар! Бүгінгі азаттықтың алтын дәуірін әрмен қарай «Мәңгілік ел» идеясына ұластыру үшін бәріміз де күш-жігерімізді, қажыр-қайратымызды аямауымыз керек. Ел ертеңі – жастардың қолында. Мағжанша айтқанда: арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жалын жігер жастар бар да туымыз мәңгі биікте желбірейтіні даусыз. Алдағы келе жатқан еркіндіктің символы саналатын Тәуелсіздік мерекесімен баршаларыңызды құттықтаймын! Еліміздің еңсесі биік, мерейі үстем болсын!
Дария Қожамжарова,
М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры,
т.ғ.д, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты