masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Вальс падишасы — Ш.Қалдаяқовтың бюсті орнатылды

9 декабря, 2021
in MASA24.KZ, Uncategorized
0
Вальс падишасы — Ш.Қалдаяқовтың бюсті орнатылды
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

Арыс қалалық мәдениет үйінің кіре берісіне  қазақ елінің мақтанышы, Мемлекеттік әнұранның авторы, (вальс падишасы) Шәмші Қалдаяқовқа бюст орнатылды.

Ескерткіштің ашылуына Түркістан облыстық маслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары Рабиға Қуатбекова арнайы қатысты. Шақырылған қонақтардың ішінде  Социялистік еңбек ері, ардагер қоғам қайраткері Сабетбек Еркінбай, әнші, жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Серғазы Есімбетов және ғылым докторы, Абай университетінің директоры, «Алуа» компаниясының президенті Алуа Таңжарықова сындытағыда басқа қоғам қайраткерлері де бар.

«Халқымыздың рухани өмірі мен музыкалық мәдениетіндегі Ш. Қалдаяқовтың алатын орны орасан екені — ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы компазитор. Ол — бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген, қалың жұрттың қайнаған ортасынан шыққан дара дарын, тума талант, аты көзі тірі кездің өзінде аңыз болып кеткен бірегей өнер иесі.

Мен өз кезегімде, «Nur Otan» партиясының жергілікті жерде Сайлауалды бағдарламаларының жүзеге асырылып жатқанына шын көңілден қуанышты екенімді жеткізгім келеді. «Nur Otan» партиясы халықпен әрқашанда бірге!»,- деді шара барысында сөз алған халық қалаулысы Рабиға Әбдімұсақызы.

Расында да, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Рабиға Қуатбекованың тындырымды тірлігіне жергілікті жұрттың берер бағасы жоғары. Депутат қоғамдық қабылдау өткізіп, Арыс жұртының арыз-шағымдарын билікке жеткізіп жүр. Соның арқасында инфрақұрылым жүйесі жақсарып, әлеуметтік мәселелер оң шешіліп келеді. Ал, ән падишасы Шәмшінің ескерткіш бюстінің ашылуы жас ұрпаққа өнер әлемін дәріптеп, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетудің ізгі жолын көрсеткендей.

masa-ақпарат

 

Previous Post

Арыста Д. Қонаевтың ескерткіш бюсті ашылды

Next Post

ШЫМКЕНТ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 101 ЖАҢА МЕКТЕППЕН ТОЛЫҒАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде