masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ШЫМКЕНТ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 101 ЖАҢА МЕКТЕППЕН ТОЛЫҒАДЫ

10 декабря, 2021
in MASA24.KZ
0
ШЫМКЕНТ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 101 ЖАҢА МЕКТЕППЕН ТОЛЫҒАДЫ
0
SHARES
20
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Президент тапсырмасына сәйкес республика көлемінде салынатын бір мың жаңа мектептің 101-і, яғни, әрбір оныншы мектеп Шымкент қаласында бой көтеретінін мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы 32 мектептің құрылысы жүргізіліп, 11 764 орындық 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде апатты мектептер мәселесі толығымен шешіліп, 14 үш ауысымды мектептер саны 9-ға дейін азайды. 2025 жылы қалада үш ауысымды және мектебі жоқ шағынаудандар мәселесі толығымен шешіледі. Сонымен бірге, қалада заманауи 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы басталды», деп атап өтті шаһар басшысы.

Адами капиталды дамыту шеңберіндегі жұмыстарды баяндаған қала әкімі, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастарымыз үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасалып жатқандығын жеткізді. Осы орайда биыл 115 ойын және спорт алаңшасы салынып отырғандығын, спорттың 14 түрі бойынша 10 мыңға жуық бала тегін спорттық секциялармен қамтылғанын атап өтті. Мектеп оқушылары арасында Жастар лигасы өткізіліп, спорттың 4 түрінен 8 мыңнан астам оқушы қатысқандығын айтты. Жазғы Олимпиада ойындарында 2 спортшымыз қола жүлдегер атанса, бір спортшымыз бокстан әлем чемпионатында күміс медальға ие болғандығына тоқталды. Спорт инфрақұрлымын дамытуда 3 нысан, оның ішінде «Металлург» стадионын қайта құрылымдау, қалалық №12 спорт мектебіне қосымша ғимарат салу, жеке инвестор есебінен заманауи ипподром құрылысын жүргізу жобалары енгендігін атап өтті.

Previous Post

Вальс падишасы - Ш.Қалдаяқовтың бюсті орнатылды

Next Post

М.ӘЙТЕНОВ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА БАСТЫ МАҚСАТ – ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде