masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

БАЛАЛАРҒА ЖОЛАҚЫ ТЕГІН

1 июня, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

БАЛАЛАРҒА ЖОЛАҚЫ ТЕГІН
Шымкент қаласында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қоғамдық көліктерде балалар тегін тасымалданатын болады. Сондай-ақ, шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен қаламыздағы зоологиялық саябақта мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ. 2500-ге жуық жасөспірім саябаққа тегін кіре алады. Оларға керемет көңіл-күй сыйлай отырып, арнайы дайындалған сыйлықтар да үлестірілмек.
1 маусым күні кез келген 15 жасқа толмаған жасөспірім қоғамдық көліктерде жолақысын төлемей, тегін жүре алады. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді. Айтып өтейік, үшінші мегаполисте 18 көлік компаниясы 71 бағытта, 782 кестемен жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қоғамдық көлікте жүрудің ережесіне сай, қалада 7 жасқа дейінгі балалар тегін тасымалданса, 7 мен 15 жасқа дейінгі балаларға 50 пайыз жеңілдік жасалған. Ал, 15 жастан жоғары балалар мен студент жастар 50 теңге төлейді. Жалпы қалада электронды билет жүйесі енгізілгелі бері «TOLEM» картасын 56 мың оқушы мен 1950 студент алып, тарифіне сәйкес жолақысын төлеу үстінде.

Previous Post

АУЫР ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЖОЛДЫҢ АҚЫЛЫ БОЛУЫНА ҚАРСЫ

Next Post

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАЗА ТАРТҚАНДАР АҚТАЛУЫ ТИІС

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде