АУЫР ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЖОЛДЫҢ АҚЫЛЫ БОЛУЫНА ҚАРСЫ
«Жолды ақылы ету үшін алдымен жағдай жасасын»! Осылай деген өңірдегі ауыр жүк көлігінің жүргізушілер наразылық акциясын ұйымдастырды. Шымкент-Ташкент бағытындағы автожолдың бойына жиналған жұрт көлік дәлізінің ақылы боуына ашық қарсылық танытты. Айтуларынша жаздан бастап ақылы болады деген күре жол талапқа мүлдем сай келмейді. Себебі, ондағы ойықтар жүргізушілерді әбден мезі еткен. Оны ҚазАвтожол мекемесінің мамандары да мойындап отыр.
Наразылық акциясына Ташкент-Термез бағытындағы көлік дәлізінің ақылы болуына қарсы 100-ден астам көлік жүргізушісі жиналды. Жолда жүріп отбасын асырайтын азаматтар күре жолды ақылы ету ақылға сыймайтынын айтады. Өйткені көлік дәлізінің қазіргі жағдайы тым нашар. Әр жердегі шұрық тесікті айтпағанда ойдым-ойдымы шыққан тұстары жүргізушілерді әбден қажытқан көрінеді. Ал енді сол жолға ақы сұрау «әбестік» дейді
Дәурен Тәліпбаев – жүк көлігінің жүргізушісі
Жолдың сапасы сын көтермейді. Жаңа жол деп айтамыз. Бетондалған. Сол бетондалғанның өзінде ойқыр-шұңқыр ойықтар көп. Әрбір мостан өткенде машина секіреді. Солардың бәрін дұрыстау керек.
Өз талаптарын айтқан жүргізушілер егер бұл жол ақылы болса заң бойынша қасынан баламалы жол салыну керек екенін де алға тартты. Айтылған сынның орынды екенін күре жолға жауапты ҚазАвтоЖол мекемесінің мамандарыда мойындап отыр. Сондықтан олар алдағы уақытта аталған мәселе бойынша тиісті министрлікке хат жолданатын жеткізді. Содан кейін қоғамдық талқылау өтеді деп сендірді.
Бүгінгі мәселде бойынша ҚазАвтоЖол министрлікпен біргүе қарайтын боламыз. Сіздердің ұсыныстарыңызды мен Автожол басшыларына, министрлікке міндетті түрде жеткіземін. Сіздердің айтып отырғандарыңыз кей жағдайда орынды. Біздің бұйрығымыз әлі бекітілген жоқ. Тариф бекітілген жоқ.
егер еске салсақ, еліміз бойынша осы жаздан бастап біраз жол ақылы болады деген ақапарат тарағанды. Соның ішінде Ташкент-Термез көлік дәлізі мен Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының Түркістан облысы аумағынан өтетін тұсыда бар болатын. Алайда бүгін жүргізушілермен кездескен
М. Жарылқасын