masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӘРІЗ ҚҰДЫҒЫНА ҚҰЛАҒАН ЕКЕУДІ АМАН ҚАЛЫП ҚАЛДЫ

13 мая, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар
0
ПОЛИЦЕЙЛЕР КӘРІЗ ҚҰДЫҒЫНА ҚҰЛАҒАН ЕКЕУДІ АМАН ҚАЛЫП ҚАЛДЫ
0
SHARES
25
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӘРІЗ ҚҰДЫҒЫНА ҚҰЛАҒАН ЕКЕУДІ АМАН ҚАЛЫП ҚАЛДЫ

Түркістан облысының полицейлері тереңдігі 4 метр келетін кәріз құдығына түсіп кеткен екі азаматты аман алып қалды. Оқыс оқиға Арыс қаласында орын алған. Кезекші бөлімге қала тұрғыны хабарласып мән-жайды айтып, көмек сұраған. Ақынбеков көшесіне шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қолаңса иіске қарап тұрмастан құдық түбінде қалған екеуді сыртқа алып шыққан.
Хабарлама алысымен сол аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Бақытжан Жақсылық пен оның әріптесі Асанхан Сыздықов екеуі шұғыл әрекететіп, 2-3 минут ішінде 7 көше арыдағы оқиға орнына жетеді. Полицейлер сол маңда қаумалап тұрған жұртты бірден ұйымдастырып 4 метрге жуық тереңдікке құлаған жұмысшының бірін жіппен тартып шығарып алады. Кәріздегі иістен уланған екі азамат дереу жедел- жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, ауруханаға жеткізіледі. Бұл жағдайдың барлығы полицейдің бейнежетонына түсірілген. Белгілі болғандай, кәріз тазалауға жұмысқа келген қызметкерлер төменге түскендерінде белдеріндегі жіп үзіліп кетеді. Бірі құдықтың беткі жағында ілініп қалса, екіншісі түбіне барып бірақ құлаған. Абырой болғанда, бүгінде жансақтау бөліміне түскен екі қызметкердің де жағдайы жақсы. Ойда-жоқта өлім мен бетпе-бет келген екеу тәртіп сақшылары мен тұрғындарға алғысын білдірді.

Previous Post

КЕЗЕКТІ XLII КОНФЕРЕНЦИЯ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ 5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ГРАНТЫНА 4 ЖОБА ТАҢДАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде