masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН ХАЛЫҚ АҚЫНЫ

6 апреля, 2021
in MASA24.KZ, Жаңалықтар, Мәдениет
0
ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН ХАЛЫҚ АҚЫНЫ
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН ХАЛЫҚ АҚЫНЫ

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына және Ұлылар мекенінің төл перзенті, халық ақыны Әселхан Қалыбекованың 70 жас мерей тойына орайОтырар ауданында облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды.Жыр додасына өңірдің барлық ауданынан 16 ақын қатысты. Өнер сайысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктер мен кемшіліктер сөз болды. Ал, шараға жиналғандар айтыс ақынының осы уақытқа дейін шығармашылықтағы жетістерімен танысып жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін тамашалады.

Омартасы рухтың — Отырарым»! Әселхан Қалыбекованың қаламынан туған 7 кітаптың соңғысы. Мұнда тарихи өлкенің шежіресі мен бірге осында дүниеге келген дүлділдердің өмірі өрнектелген. Әлі сиясы кеуіп үлгермеген туынды ақынның туған өлкесіне деген тартуы.Өз кезегінде жергілікті билік өкілдері де қарап қалмады. Сыйға сый ретінде ақынның иығына камзол жауып құрмет көрсетті.

Негізінде Әселхан Қалбекова өткен жылы 70-ке толды. Бірақ былтыр мерейлі мерекені жоғары деңгейте атап өтуге мүмкіндік болмады.

Мырзахан Манапов — Отырар аудандық мәслихат хатшысы

Осындай үлкен іс-шараларда өткізе береміз. Былтыр ғана пандемиялық жағдаймен апамыздың 70 жасын кең көлемде өткіземіз деп едік. Мынау жағдай әсер етті. Бүгінгі жағдайға да құдайға шүкір. Ал, Әселхан апа шығармашылығыңызға үлкен табыс тілейміз. Деніңіз сау болсын.

Ал, 16 ақын қатысқан жыр додасы аса тартысты өтті. Олардың ой орамын айтыстың Ақтаңгері атанған Бекарыс Шойбеков, Анар Жаппарқұлова сынды жыр дүлділдері бағалап отырды. Сөйтіп сөз сайысында сыннан сүрінбегендері жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда бас жүлде төлебилік жас ақын Аян Нязбековке бұйырса,бірінші орынды арқалы ақын Дәурен Ақсақалов еншіледі. Ал, жүлделі екінші орын тұғырынан сайрамдық Жандос Мырзабек көрінсе, тағы бір отырарлық Ахметрасул үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар, сүбелі сөз айта білген қатысушыларға арнайы номинациялар тағайындалып табысталды. Жүлдегерге қаржылай сыйлықтармен дипломдар табысталды.

Айтыс соңында ақын өз өлеңдерін оқыса, аудан өнерпаздары мерейтой иесінің қаламынан туған шығармаларды орындап мерекелік кештің мерейін асырды.

 

М. Жарылқасын

Previous Post

КӘСІПКЕРЛЕР ТӘРТІПКЕ БАҒЫНАР ЕМЕС

Next Post

Мобильді топтардың жұмысы күшейтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде