masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

8 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
КЕНТАУ: ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
0
SHARES
4
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Кентау қаласы аумағына қарасты Хантағы ауылында жол инфрақұрылымын жаңарту және көлік қатынасын жақсарту бағытындағы ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгін қала әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков аталған елді мекенге барып, жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі таңда Хантағы–Қаратау бағыты бойындағы маңызды көлік өткелдерінің бірі саналатын көпірге реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ескі көпір толық жаңартылып, орнына заманауи талаптарға сай жаңа көпір салу көзделген. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жол жабынын толық жаңарту жұмыстары да қарастырылған.
Жоба шеңберінде тек автокөлік жолдары ғана емес, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысы да ескерілген. Атап айтқанда, жаңа тротуарлар салу және көше бойларын жарықтандыру жүйесін орнату жоспарланған. Бұл ауыл ішіндегі түнгі қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, инфрақұрылым сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Хантағы ауылында Ауыл – Ел бесігі бағдарламасы аясында бірнеше көше орташа жөндеуден өтуде. Өткен жылы Торлан көшесі толықтай пайдалануға берілсе, биыл Назаров, Қаратау және Иманов көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, аталған бағдарлама ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
Болысбек Шәріпбеков құрылыс жұмыстарын аралау барысында мердігер мекемелерге жол сапасын қатаң сақтау, белгіленген мерзімдерді бұзбау және барлық жұмыстарды техникалық талаптарға сәйкес орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Қала басшылығы жол құрылысы жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын тұрақты бақылауда ұстайтынын атап өтті. Жобалар толық іске асқан жағдайда Хантағы ауылының көлік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: АҚБИІКТЕ ФОРЕЛЬ ӨСІРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Next Post

КЕНТАУ: ҚАРАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ АУМАҒЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде