masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: АҚБИІКТЕ ФОРЕЛЬ ӨСІРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

8 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮЛКІБАС: АҚБИІКТЕ ФОРЕЛЬ ӨСІРУ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түлкібас ауданы аумағында ауыл шаруашылығының жаңа бағыты – тауарлы балық шаруашылығын дамыту жұмыстары қарқын алып келеді. Осы мақсатта аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев жұмыс сапары барысында Ақбиік ауылдық округіне барып, балық өсіру бағытында іске асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты.
Алдымен аудан басшысы жеке кәсіпкер Жанарыс Тәңкішовтің форель өсіру жобасын көріп шықты. Кәсіпкер 1,5 гектар жер телімінде арнайы қазаншұңқырлар (катловандар) қазып, оларды бетондап, балық өсіруге қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. Жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында алынған жеңілдетілген несие есебінен жүзеге асырылуда. Кәсіпкер алдағы уақытта 15 мың шабақ жіберіп, 6–7 тоннаға дейін өнім алуды жоспарлап отыр.
Асқар Естібаев кәсіпкермен кездесу барысында алынған несиені тиімді пайдалану, жобаны кезең-кезеңімен дамыту және өндірістік көрсеткіштерді арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, мұндай жобалардың ауыл экономикасын әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететінін жеткізді.
Сапар барысында аудан басшысы «Тау форель» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен де танысты. Аталған шаруашылық та «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қаржыландырылып, бүгінде инкубациялық цехты толық іске қосқан. Кооператив құрамында 15 адам тіркелгенімен, қазіргі таңда 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Шаруашылықтағы инкубациялық цехта қазіргі уақытта 100 мың шабақ пен 100 мың уылдырық өсірілуде. Сонымен қатар сыртқы бассейндерде 30 мыңға жуық форель балығы бапталуда. Жалпы кәсіпорын аумағында балық өсіруге арналған 23 бассейн дайындалған. Су көзі ретінде табиғи бұлақ суы пайдаланылып, өндірістің экологиялық тазалығы қамтамасыз етілген.
Кооператив алдағы кезеңде өнімді терең өңдеу бағытын дамытуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, балықты өңдеу, кептіру және дайын өнім ретінде нарыққа шығару жұмыстары қолға алынбақ. Бұл толық циклді өндіріс жүйесін қалыптастырып, кәсіпорынның табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар аудан аумағында жаңадан қолға алынған тағы бір жоба – кәсіпкер Балқыбек Үсібалиевтің форель өсіру бағыты да назарға алынды. Ол 1,2 гектар жерге 8 тоған қазып, оған 15 мың шабақ жіберген. Бұл жоба да аудан экономикасын әртараптандыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып отыр.
Асқар Естібаев аталған жобалардың барлығын қолдай отырып, олардың тиімді әрі жүйелі дамуы үшін қажетті инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Жалпы, Түлкібас ауданы аумағында балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жобалар ауыл экономикасына жаңа серпін беріп, кәсіпкерлікті кеңейтуге және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: АУДАНДА ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Next Post

КЕНТАУ: ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде