masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН 4 ЗАУЫТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН

8 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН 4 ЗАУЫТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республика көлемінде стратегиялық маңызға ие. Еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 13 пайызы осы өңірге тиесілі. Әсіресе, суармалы егіншіліктің үлесі жоғары – республикадағы суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі, яғни 554 мың гектардан астамы Түркістан облысында орналасқан. Бұл өңірдің аграрлық әлеуетін айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Облыстың табиғи-климаттық ерекшелігі ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы болғанымен, су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібіндегі маңызды бағыттардың бірі болып отыр.
Су ресурстарының шектеулігін ескере отырып, су үнемдеу технологияларын енгізу – уақыт талабы. Әсіресе жаһандық климаттың өзгеруі, құрғақшылық кезеңдерінің жиілеуі және су тапшылығының артуы аграрлық салада жаңа тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты Түркістан облысында су ресурстарын тиімді басқару және егін шаруашылығында заманауи технологияларды пайдалану бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін озық технологияларды жедел енгізіп, олардың қолданылу аясын жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту міндетін қойған болатын. Бұл тапсырма Түркістан облысында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Өңірде ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту, суармалы жерлердің өнімділігін арттыру және шаруалардың шығынын азайту бағытында нақты жобалар қолға алынған.
Жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын еліміздегі тұңғыш зауыт Түркістан облысында іске қосылған болатын. Бұл – еліміздің аграрлық секторында су үнемдеу технологияларын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бүгінде өңірде жаңа технологияларды шығаратын 4 зауыт іске қосылып, жұмыс жүргізуде. Аталған кәсіпорындар отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік беріп отыр.
Облыста су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 114 мың гектарға жетіп, жалпы суармалы жерлердің 20 пайызын қамтып отыр. Бұл көрсеткіш өңірде су үнемдеу бағытындағы жұмыстардың нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Мамандардың айтуынша, мұндай технологияларды қолдану арқылы егістік алқаптарындағы су шығыны азайып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі артады. Сонымен бірге топырақтың құнарлылығын сақтауға және экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге де оң әсер етеді.
Бұл бағытта өндірістік инфрақұрылымды дамыту да қатар қолға алынған. Өңірде «BNK GROUP LTD» ЖШС, «KAZ KIOTI» ЖШС, «ХИНЖИН Ирригейшн» ЖШС және «TURAN SU» МКК секілді 4 кәсіпорын іске қосылды. Жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын бұл жобалардың жылдық өндірістік қуаттылығы 163 мың гектар алқапты қамтуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 73 мың гектарға тамшылатып суару, 90 мың гектарға жаңбырлатып суару технологияларын енгізуге жағдай жасалған.
Аталған кәсіпорындарда өндірілетін заманауи құрал-жабдықтар шаруаларға қолжетімді бағамен ұсынылуда. Бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті азайтып, отандық өндірістің дамуына серпін береді. Сонымен қатар жаңа зауыттардың іске қосылуы жергілікті мамандардың тәжірибесін арттырып, инженерлік-техникалық кадрлардың қалыптасуына ықпал етуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Қосымша құны 6 млрд теңгені құрайтын, 30 мың гектар алқапты қамтитын тағы екі кәсіпорынды іске қосу жоспарланған. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуге мүмкіндік беріп, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыра түседі. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтып, экспорттық әлеуетті көтеруге жол ашады.
Су үнемдеу технологияларының артықшылығы айқын: ағын суды 1,5–2 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік берсе, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 2–3 есеге арттыруға жол ашады. Бұдан бөлек, тыңайтқыштарды тиімді қолдануға, еңбек шығындарын азайтуға және суару процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Әсіресе климаттық жағдайы құрғақ өңірлер үшін бұл технологиялардың маңызы ерекше.
Сондықтан бұл бағыт облыстың аграрлық саясатының басым бағыты ретінде айқындалған. Түркістан облысында су ресурстарын тиімді пайдалану, заманауи технологияларды енгізу және аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады. Нәтижесінде өңірдің ауыл шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, шаруалардың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қоса бермек.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

Next Post

СОЗАҚ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде