masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

8 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ
0
SHARES
4
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Біріккен Ұлттар Ұйымының даму құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Сурья Девамен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Түркістан өңірі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, экономика, инфрақұрылым, әлеуметтік сала бойынша оң көрсеткіштерге тоқталды. Тараптар аймақтың даму перспективалары, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бағытындағы жұмыстар жөнінде пікір алмасты.
– Түркістан өңірі әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған тұрақты даму мақсаттарына ерекше мән береді. 2026 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша Түркістан облысы халқының саны 2146,7 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 545,1 мың адам (25,4%), ауыл тұрғындары – 1601,6 мың адам (74,6%). Біз экономикалық өсім мен әлеуметтік әділеттілікті үйлестіруге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кешенді саясат жүргізіп келеміз, – деді ол.
Айта кетейік, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық өсім көрсеткіші бойынша 119,4%-ды құрап, республикада 2-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш өңір экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын аңғартады. Әсіресе өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және кәсіпкерлік салаларындағы оң динамика облыстың инвестициялық әлеуетін арттыруға ықпал етуде. Сонымен бірге, өңірде жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.
Кездесуде экологиялық тұрақтылық мәселелері де кеңінен талқыланды. Өңірде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жасыл технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ағаш отырғызу, көгалдандыру, су ресурстарын тиімді пайдалану және қалдықтарды басқару бағытындағы бастамалар экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беруде. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар қоршаған ортаны қорғаумен қатар, экономиканың тұрақты дамуына да оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар көші-қон және интеграция мәселелері де ерекше назарда. Облыста азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік үйлесімділікті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру, халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсету және жастардың әлеуетін арттыру бағытында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып келеді. Бұл өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Жиында гендерлік теңдік мәселесі де сөз болды. Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Бүгінгі таңда өңірде 400 мыңнан аса отбасы бар. Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Бұл өңірде отбасы институтын қолдау мен ана мен балаға қамқорлық көрсетуге бағытталған саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін көрсетеді.
Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы 5611 мемлекеттік қызметшінің 1572-сі немесе 28,1%-ы – қыз-келіншектер. Оның ішінде 233 әйел басшылық лауазымдарды атқарады. Бұл әйелдердің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар әйел азаматтардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жағдай жасау бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Сондай-ақ өңірде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек етуде. Облыс көлемінде шамамен 210258 мың кәсіпкер болса, оның 91 мыңнан астамы – әйелдер. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 43,1%-ында әйел азаматтар басшылық жасауда. Бұл көрсеткіш өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігінің даму деңгейінің жоғары екенін аңғартады. Әсіресе қызмет көрсету, сауда, ауыл шаруашылығы және өндіріс салаларында әйелдер белсенділік танытып келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында түрлі гранттар, жеңілдетілген несиелер мен оқыту бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Кездесуде азаматтық қоғамды қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған бастамалар да талқыланды. Тараптар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының рөлі маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік саясатты жетілдіру мәселелері де күн тәртібінен түскен жоқ.
Жиын соңында Ертай Кенжебекұлы БҰҰ арнайы баяндамашысының тәжірибесі мен сараптамалық көзқарасының өңір үшін маңызды екенін атап өтіп, пікір алмасу Түркістан облысының даму стратегиясын жетілдіруге және халықаралық тәжірибені енгізуге серпін беретінін жеткізді. Оның айтуынша, халықаралық ұйымдармен тиімді байланыс орнату өңірдің әлеуетін арттырып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниетті екенін білдірді. Мұндай кездесулер Түркістан облысының халықаралық деңгейдегі байланыстарын нығайтып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Сонымен қатар тұрақты даму қағидаттарын іске асыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттала бермек.

Previous Post

АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЗАХСТАН» В ШЫМКЕНТЕ СТАЛА ДАНЬЮ УВАЖЕНИЯ ГЕРОЯМ И НАЦИОНАЛЬНЫМ ЦЕННОСТЯМ

Next Post

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН 4 ЗАУЫТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде