Шымкент қаласының Абай ауданындағы “Шымсити” шағын ауданында улы газдың қауіптілігі туралы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға газ жабдықтарын дұрыс пайдалану және ВДГО мекемелерімен келісім шарт жасасудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, түтіндік мұржаларды және желдеткіш арналарды тазалаудың қажеттілігі жайлы ақпарат беріліп, газ дабылқаққыш орнату ұсынылды. Жадынамалар таратылып, тұрғындар арасында газ қауіпсіздігі туралы ақпарат жеткізілді.
Бұл шара Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Газ техникалық инспекция бөлімі мен Газ техникалық қызмет КММ-ның қызметкерлері, Абай ауданының төтенше жағдайлар басқармасының мамандары, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Тұрмыстық газ (пропан) өрт немесе жарылыстың пайда болуына маңызды қауіп-қатер тудыратыны барлығымызға мәлім. Газды пайдалануға байланысты орын алған өрттердің көбі баллондарды немесе газ плиталарды дұрыс пайдаланбау салдарынан туындайды.
Газ баллондарын орнату және газ плиталарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің мына ережелерін қатаң сақтау қажет. Газ баллонын сатып алғанның өзінде, газ баллоны клапанының өткізбеушілігі мен тығыздауыш резеңке сақинасының жағдайы тексерілуі керек, оны газ баллондарын жүзеге асырушы фирманың қызметкері істеуі тиіс. Сондай-ақ, газ баллонының балқытып жабыстырылған жерлерінің тұтастығын көзбен шолып тексеру керек. Газ баллонына плита редукторын орнатқаннан кейін редуктор клапанын ашу қажет, өз кезегінде плитаның шүмектері жабық қалпында болуы тиіс. Осыдан кейін сабынның көпіршігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке түтігі жалғасқан жерде редуктордың өткізбеушілігін (герметикалығын) тексеру керек. Жалғанған жерде саңылаулар болса, сабынды көбікте көпіршіктер пайда болады, тап осы жағдайда редуктордың жағдайын тексеріп, баллонның тығыздағыш резеңке сақинасының тұтастығына тағы бір рет көз жеткізу қажет. Кез келген жағдайда жалғанған жерлерде ақау болғанда, газ плитасын қолдануға тыйым салынады. Сондай-ақ, резеңке түтіктің тұтастығын көзбен шолып тексеру қажет. Редуктордың герметикалығын тексеру үшін ашық отты қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Бұл өртке әкелуі мүмкін!
Дәл осылай газ плитасындағы газ түтіктерінің герметикалығын мерзімді түрде тексеріп тұру қажет. Газ плитасымен қолданған кезде:
— жалғасқан жерлердің герметикалығын тексермей газ плитасын қолдануға;
— газ плитасын қараусыз қалдыруға;
— балаларға плитаны қолдануға;
— плитада жанғыш сұйықтықтарды жылытуға тыйым салынады.
Егер Сіз болмай қалғанда, плитадағы от сөніп қалса, сақ болыңыз, газдың газ баллонынан бөлмеге шығып кетуі мүмкін екендігін есте сақтаңыздар. Бөлмеде газды-ауа қоспасы пайда болуы ықтимал, осы жағдайда кез-келген от немесе ұшқын өртке әкеп соқтыруы мүмкін.
Газ баллонының тұтануы пайда болған кезде сабырлық сақтау керек және газ баллонының жарылысы тек баллонға сырттан түскен жоғары температура әсерінен ғана болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыздар. Тұтануды өшіру үшін баллонды дымқыл матамен нықтап жабу керек. Тап осы жағдайда баллонды сумен сөндіру ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін. Егер баллонды өшіре алмасаңыз, онда багордың немесе сол сияқты заттың көмегімен жанып жатқан баллонды пәтерден шығару керек және 101 телефоны бойынша өртке қарсы қызметін шақыру қажет.
Тұрмыстық газды дұрыс емес пайдалану өрттерге, күйіктерге және т.б. салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін тағы бір рет естеріңізге саламыз. Өзіңізді өрттің қауіп-қатеріне душар етпеңіз! Әрдайым өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаңыздар!
Өрт кезінде «101» немесе «112» телефон номеріне қоңырау шалыңыз!