masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

22 ноября, 2024
in Білім, жастар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Білім – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Қазіргі уақытта қала мектептерінде оқушы орындарының жетіспеушілігі байқалады. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 18 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың ішінде 3200 орынға арналған
2 мектеп іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есеп беру кездесуінде айтты.
«Білім инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 3 мектептің құрылысына 7,9 млрд теңге бөлінді, ал инвесторлар қаражаты есебінен 5 мектеп пайдалануға берілді, оларда 2800 орын бар. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Тұран шағын ауданында 500 орындық «Оқушылар сарайы» салынып жатыр, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды. Сонымен қатар, жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында жергілікті бюджеттен 285 грант бөлінді. Бұған қоса, технологиялық кәсіпкерлікті насихаттау және технологиялық стартаптарды құру мақсатында өңірлік IT-орталық «Shymkent HUB» іске қосылды», – деді Ғ. Сыздықбеков.
Қала әкімі сондай-ақ мәдениет саласындағы жұмыстарға тоқталды. Биыл Шымкентте 2066 орындық көпфункционалды Конгресс-холл пайдалануға берілді, мұнда халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізіледі. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен төрт шағын ауданында жаңа «Мәдениет үйлері» ашылды. Мегаполис тұрғындарының мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және мәдени өмірді жандандыру үшін саябақтарда және Мәдениет үйлерінде «Шымқала кештері» іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Бүгінгі таңда қаладағы мектеп саны 275 құрап отыр (мемлекеттік 150, жекеменшік — 125). Ондағы білім алушылар саны 259 173. Оның ішінде мемлекеттік мектепте 206 286 оқушы (79,6%), жекеменшік білім ордаларында 52 887 оқушы (20,4%) білім алуда.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты мектептердегі білім алушылардың 2023-2024 оқу жылындағы білім сапасы жалпы 56,8%-ды құрады. Бұл көрсеткіш Республика деңгейінде жетінші орынды көрсетеді. 2022-2023 оқу жылында 56,2% болған, 0,6%-ға артып отыр. (Негіздеме: «Күнделік. kz» электронды журналы).
Бүгінгі таңда қалада үш ауысымда білім беретін мектеп жоқ.
2024 жылдың сәуір айында 1 мектеп ғимараты техникалық сараптама қорытындысы негізінде аппатты деп танылды. Бүгінгі таңда мектеп ғимаратына қосымша зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,8% ТӨМЕНДЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БЕС ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде