masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БЕС ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛАДЫ

22 ноября, 2024
in Денсаулық, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БЕС ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛАДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі есеп беру кездесуінде спорт және денсаулық сақтау салаларындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Қала тұрғындарының 42%-ы бұқаралық спортпен айналысады. Биыл Шымкент спортшылары Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарына қатысып, жалпы 768 алтын, 642 күміс және 724 қола медаль жеңіп алды.
— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз халықаралық деңгейдегі 35 мың орындық жаңа заманауи стадионның құрылысын бастадық. Қазіргі уақытта стадион аумағында жер жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 1 000 адамға арналған «Еламан» спорт кешені пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалада 500 адамға арналған «SPORT LIFE» шағын футбол орталығының құрылысы аяқталады», – деді Ғабит Сыздықбеков.
Сонымен қатар, әкім денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Қазіргі уақытта медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасының жаңарту деңгейі 86,5%-ды құрайды. Биыл 46 дәрігер Ресей мен Түркия клиникаларында біліктілігін арттырды, жыл соңына дейін тағы 29 дәрігер біліктілігін жетілдіреді.
Бұдан бөлек, алғаш рет балалар ауруханасы мен перинаталдық орталықта госпитальдық фармация бөлімшелері ашылды. Жыл соңына дейін тағы бес осындай бөлімше, сондай-ақ балалар кардиохирургиялық орталығы ашылады. Жедел жәрдем қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында 23 арнайы көлік сатып алынды.
Жалпы, Шымкент қаласындағы денсаулық саласы бойынша қол жеткізілген көрсеткіштер:
​- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды, тиімді пайдалану үшін 1с + «кмис(маж)» ақпараттық жүйесі 100%-ға интеграцияланды;
— 2023 жылмен салыстырғанда дәрілік заттармен қамтамасыз ету 3 есеге өсті;
— Шымкент қаласы медициналық мекемелеріне 23 жедел жәрдем көлігін алу үшін 450 млн теңге бөлінді;
— Медициналық ұйымдардың ұлттық аккредитациядан өтуі 48,7%-ды (40 МҰ) құрады;
— сенімгерлікке берілген №13 қалалық емхана және №2 қалалық емхана 2 мемлекетке қайтарылып, сенімгерлікке берілген залалсыздандыру орталығының инвестициясы 300 млн теңгеден 351 млн теңгеге артты;
​- денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды ұлғайту мақсатында шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 5 пилоттық жоба жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар №2 қалалық аурухана перзентханасы мен қалалық перзентхана 2-ден 3-деңгейге; №3 қалалық аурухана перзентханасы 1-ден 2-деңгейге көтеріліп, 2023 жылы босандыру және бала қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 942 357,9 мың теңге сомасына 151 бірлік жабдық сатып алынды (оның ішінде инкубаторлар, мониторлар, жаңа туған нәрестелерге арналған ӨЖЖ (ИВЛ), жасанды қан айналымы аппараттары, маммографтар).
Қалада эндокринологиялық төсек орны 50-ге дейін көбейтілді және қосымша пульмонология және диабеттік табан, қосымша нейрохирургия бөлімшелері ашылды.
Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында материалдық техникалық базалары 2022 жылы 79,1%-дан 2024 жылы 85,7%-ға өсті. 2024 жылы 2 медициналық (№1 қалалық клиникалық аурухана, Қалалық жұқпалы ауруханасы) салалық мекемелерінде жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қала тұрғындарына қадамдық жақындықты қамтамасыз ету мақсатында 2022 жыл 2024 жыл аралығында 14 емхана ашылып, орташа жүктеме 31 мыңнан 21 мыңға азайды.
Бүгінде Қалалық клиникалық балалар ауруханасының төсек орыны 315 тен 495 ке дейін өсіп, тұрғындар көрсетілетін стационарлық медициналық көмектің қолжетімділігі артылды.

Previous Post

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

Next Post

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде