Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі есеп беру кездесуінде экономикалық көрсеткіштердің халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Шымкент қаласы төмен жалақы деңгейімен белгілі өңірлер қатарына кіреді. Алайда, жалақыны арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатыр.
«Біз төмен жалақы алатын 15 мыңға жуық азаматтық қызметкердің жалақысын 50 мың теңгеге арттырдық. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелерде ең төменгі жалақы 140 мың теңгеден асты. Қазіргі уақытта қаланың орташа жалақы мөлшері 12,5%-ға өсіп, 304 мың теңгені құрады», – деді Ғ. Сыздықбеков.
Мегаполис басшысы жұмыс орындарын құру және халықтың табысын тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қалада белсенді жұмыс істейтін азаматтар саны 468 мыңнан асты. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 45 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланған, оның ішінде 32 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30%-ға қысқарды, ал өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді.
Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 93 407 (2023 ж. – 89 926), оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 2 (2023 ж. – 2), тыл еңбеккерлері – 1 767 (2023 ж. – 1 950).
Жалпы көпбалалы аналар саны – 64 605 (2023 ж. – 50 375), оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналар саны – 13 370-ге жетті (2023 ж. – 12 395). Сонымен қатар 4 не 5 баласы бар 51 535 көпбалалы ана тіркелген.
2024 жылы ардагерлер мен аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2253 млн теңге қарастырылды, оның ішінде 1414,3 млн теңге игерілді. Зейнет жасындағы азаматтар үшін емдеу-сауықтыру шараларына 660,9 млн теңге қаралды, оның 257,8 млн теңгесі игерілді. Мереке және атаулы күндерге арналған бір реттік, ай сайынғы көмек көрсетуге 1,570,7 млн теңге қаралып, 1 156,7 млн теңге көлеміндегі қаржы төленді. Сонымен қатар зейнет жасындағы азаматтарды емдеу-сауықтыру шараларымен қамту мақсатында 5 мың ардагер мен зейнеткер үшін бюджеттен 738,4 млн теңге қарастырылып, 1 360 жолдама берілді. (2023ж.- 572,2 млн теңге).
Биылғы 7 айдың қорытындысына сәйкес, 7 797 отбасындағы 40 419 адамға атаулы әлеуметтік төлем жасалды. Қала халқын жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7%-ға азайып отыр. Мәселен, 2023 жылдың 7 айында 11 089 отбасындағы 56 199 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Ал, 1-6 жас аралығындағы балаларға 1,5 АЕК көлеміндегі көмек есепті кезеңде 6900 отбасындағы 13 494 бала үшін төленіп жатыр. Көмектің бұл түрін алушы отбасы саны да кеміген. Яғни, 2023 жылы 9 782 отбасындағы 18 608 балаға аталған жәрдемақы төленсе, өткен жылмен салыстырғанда көмек алушылар саны 27,5%-ға төмендеген.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2024 жылдың ІІI тоқсанына орта есеппен 34 662 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін МАӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен отбасының әр мүшесіне белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
2024 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 11,5 млрд теңге (2023ж.- 8,2 млрд теңге) қарастырылып, биылғы 1 тамыз жағдайы бойынша 6,4 млрд теңге төленуде.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылған. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электронды қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады.
Шымкент қаласында қазір 41 406 мүмкіндігі шектеулі азамат (2023 ж. – 40 282) тіркелген. Оның ішінде:
— бірінші топтағы мүгедекдігі бар адам – 4 526 (2023 ж. – 4003);
— екінші топтағы мүгедектігі бар адам– 15 421 (2023 ж. –15 405);
— үшінші топтағы мүгедектігі бар адам – 13 494 (2023 ж. – 13 289);
— 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 7 965 бала (2023 ж. – 7 585) тіркелген.
Биыл ерекше жандардан 37593 өтініш түсіп, оның 28139-і көмекпен қамтамасыз етіліп, 74,9%-ы орындалды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету үшін мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар тартылуда.
Бұл бағытта басқармаға қарасты 12 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Бұл орталықтарда 1162 қызметкер ерекше жандарға қызмет көрсетеді.
2024 жылдың 7 айында 3 285 адам арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында оңалту шараларымен қамтылды (2023 ж.- 3538 адам). Оның ішінде:
— стационар жағдайда – 770 адам;
— жартылай стационар жағдайда – 609 азамат (2023ж.- 629 адам);
— үйде қызмет көрсету жағдайда – 944 азамат;(2023ж.- 953 адам);
— уақытша болу жағдайы – 461 азамат (2023ж.- 644 адам);
— үкіметтік емес ұйымдар арқылы – 501 адам қызмет алды (оның ішінде 179 жартылай стационар 322 үйде қызмет көрсету).
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында 244 отбасындағы 450 адам «қандас» мәртебесін алды, ал 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 27 отбасынан 34 адамды құрады.
Қандас мәртебесін алған азаматтар ішінде – 225 ер адам және 225 әйел адам, 18 жасқа дейінгі – 132 адам, зейнеткерлік жастағы адамдар саны – 50 адам, еңбекке қабілетті жастағылар – 268 адам. Білім деңгейі бойынша жоғары білімді – 49 адам, орта арнайы білімді – 125 адам, жалпы орта білімді – 88 адам, білімі жоқ – 6 адам.
Қоныс аударған қандастар ТМД және шетелдерден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан келген. Қоныс аударған 441 адам Өзбекстаннан, 1 адам Қырғызстаннан, 6 адам Ресейден және 2 адам Түркіменстаннан келген.
Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді, сонымен қатар сауда-саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысады.
Шымкентте 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызмет көрсету. Бүгінгі таңда 19 отбасынан 51 адам бейімдеу қызметін алып отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобилді орталығына бүгінде 96 қандас жүгінген. Олардың ішінен 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда:
— 14 адам тұрақты бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданған;
— 3 адам жастар практикасына;
— 3 адам қоғамдық жұмыс орындарына;
— 9 адам алғашқы жұмыс орындарына;
— 1 адам «Күміс жас» жобасына;
— 18 адам «Бастау Бизнес» жобасы https://business.enbek.kz/kk шеңберінде оқуға тіркелген.