masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

7-СӘУІР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

5 апреля, 2024
in Денсаулық, Жаңалықтар
0
7-СӘУІР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

7-сәуір дүниежүзілік денсаулық күні. Айтулы датаға орай Шымкенттегі арбат алаңында денсаулық күні атап өтілді. Шара аясында антына берік ақ халаттылар науқастарды тегін қабылдап, консультациялық кеңес берді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады. Ердәулет Сейітбек Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенті. Бозбала оқу деп жүріп, дәрігер қабылдауына жазыла алмай жүрген. Бүгін алаңдағы окулист дәрігерге ешқандай кезексіз-ақ көз жанарын тексертті. Офтальмологотар  Ердәулетке  көру қабілетінің деңгейін анықтап, ота қажет деп тапты.

Ден­сау­лық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Шараны денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырып отыр. Шаһардағы емдеу мекемелерінің білікті дәрігерлері келушілерге ақыл-кеңестерін аямады. Тиісті ем-дом тағайындап, қосымша тексерістен өтуге жолдама берді.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Себебі, «бірінші байлық – ден­сау­лық». Миллионды шаһарда 10 мыңға жуық студент бар. Олар жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері. Бұл күні жастар салауатты өмір салтын насихаттап, түрлі спорттық жарыстарға да атсалысты.

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні.   Бұл  атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. 1948 жылы құрылғаннан  бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып  отыр.Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі.

Previous Post

 КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ

Next Post

Жерасты өткелдеріндегі  сауда қатарлары сүріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде