Шымкент көлік прокуратурасының ұйымдастыруымен теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті.
Аталған жиынға Шымкент қаласы бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдері, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласының Полиция департаменті, Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі және Шымкент магистральдік желі бөлімшелерінің бірінші басшылары қатыстырылды.
Жиында Шымкент көлік прокуроры Н.Махадилов теміржолдың бойында тұратын тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, көлік аймағында өзекті болып отырған басты үш мәселелер көтерілді.
Еліміздегі негізгі күре тамыр саналатын магистральді, станциялы жолдардың сын көтермейтін жағдайы – теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігіне айтарлықтай ықпал етуде. Теміржол инфрақұрылым нысандарының сапасы мен оларды күтіп-ұстау мәселесі;
Теміржолдағы жазайтайым оқиғалардың алдын алу, магистральдық жолдар арқылы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу мен оларды жабдықтау мәселесі;
Азаматтар теміржолға жақын маңда мал жаю ережесін сақтамайды. Бұл поезд құрамының шұғыл тежеу әрекеті салдарынан жолдан шығып кетуі орын алып, қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан тұрғындар арасында көбінесе білім мекемелерінде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу мәселелері аталып өтілді.
Жиын отырысының күн тәртібінде белгіленген барлық мәселелер қаралып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар тыңдалып, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жұмыстар талқыланды.