masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Қызылша өршіп тұр

17 октября, 2023
in Денсаулық
0
Қызылша өршіп тұр
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ағымдағы жылдың 14-қазан күні (сенбі) қызылша ауруы бойынша эпидемиялогиялық жағдайдың күрделуіне байланысты қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жұқпалы аурулар ауруханасына барды.

Басқарма басшысы ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген науқас балаларлың ата аналарымен кездесіп, проблемаларын тыңдады. Емделушілердің басым бөлігі қабылдау бөліміндегі медициналық қызметті күту уақытының ұзақтығына шағымданды.

Басқарма басшысының тапсырмасымен қабылдау бөліміндегі жұмыстарды жүйелеу бойынша аурухана бас дәрігері Бақтығали Ережеповке бірқатар тапсырмалар берілді. Нәтижесінде емдеу мекемесіндегі қабылдау бөлімінде қосымша бекеттер көбейтіліп, күнделікті тағы да 3 балалар дәрігері кезекшілікпен емделушілерге көмек көрсететін болды.

Сондай-ақ қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен жұқпалы аурулар ауруханасына көмек көрсету есебінде емханалардан күніне 2-дәрігер жіберілетін болды.

Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық жағдайдың нашарлауы кезінде жасалса да, қызылшаның дамуына жол бермейді.

Денсаулық сақтау басқармасы АТА-АНАЛАРДЫ балаларын қызылша ауруынан қорғау үшін вакцина салдыруға шақырады.

Previous Post

ВАКЦИНАДАН БАС ТАРТҚАН АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

Теміржол - аса қауіпті аймақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде