«Вандализмге жол жоқ!» деген атаумен Шымкентте қала мүлкін қорғап, қоғамдық орындарда, саябақтар мен қасиетті мекендерде тазалық сақтауға бағытталған ауқымды акция жалғасуда. Қалалық «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері Абай саябағындағы ескерткіштертерді тазалап, саябақ маңын қоқыстардан тазартты. Іс-шараға мәслихат депутаты, Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгінде қоғам мен мемлекет меншігіндегі басқа да мүліктердің сыртына таңба, сурет салу, шимайлау, лас нәрсе жағып кету әрекеті тоқтамай тұр. Бұның залалы мен зардабы жетерлік. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында вандализммен күресу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілу қолға алынуда.
«Вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретін болды. Біздің негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа жасаған Жолдауында.
Болашақ ұрпақтың игілігі үшін табиғатты сақтау – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі екенін де атап өткен жөн. Сондай-ақ, құжатта табиғат қорғау іс-шараларының сапалы іске асырылуына тұрақты партиялық бақылау жүргізіледі.
“Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, адамды қорлағаны, ғимараттар мен өзге де нысандарды бүлдіргені және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік, яғни 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделгенін ескертеміз! Тарихи ескерткіштерді сақтау, тұтастай алғанда, еліміздің табиғаты мен тарихына, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру – әрбірімізге жүктелген міндет!