masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Дария Қожамжарова: Жоғары білім беру жүйесі цифрлық дәуірге көшуді қамтамасыз ететін басты көпір

5 октября, 2023
in Cаясат, MASA24.KZ, Білім, Жаңалықтар
0
Дария Қожамжарова: Жоғары білім беру жүйесі цифрлық дәуірге көшуді қамтамасыз ететін басты көпір
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жоғары білім беру жүйесі – бұл цифрлық дәуірге, жасанды интеллектті қолдануға сенімді түрде көшуді қамтамасыз ететін басты көпір. Ал жасанды интеллект адамдар мен заманауи құрылғылар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге тың серпін береді.

Бұл туралы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – Ректор, академик Дария Қожамжарова «Nobel Fest: Цифрлық Апгрейд» халықаралық Нобель фестивалінің ашылу рәсімінде айтты.

«Отандастарымызды білімге, ғылымға және инновацияға тартуды көздейтін фестивальді қазақстандық жоғары оқу орындарының арасынан ең алғаш болып Auezov University қолдады. Бұл бастама бүгінде қоғамда кеңінен қолдау тауып отыр», – деп атап өтті Дария Қожамжарова.

Ректордың айтуынша, Z буынының өкілдерін дайындауға қабілетті жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі дәл осындай жобалардан басталады.

«Сарапшылардың болжамы бойынша, 10 жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы жасанды интеллектті қолданатын цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Мұның өзі жаңа салалар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жасайды», – деді жоғары оқу орнының басшысы.

Осы орайда айта кетейік, Auezov University-де Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономика орталығы ашылған болатын.

Бұл – жасыл технологиялар және климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығына әсерін қысқарту қағидаттарында экономикалық дамудың жаңа моделін енгізу жөніндегі Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы институт.

«М. Әуезов атындағы ОҚУ жанынан ашылған бірегей орталық оңтүстік өңірдің тұрақты даму саясатында өзіндік зор ықпалын тигізіп отыр. Әсіресе, бұл бастама университет ғылыми-зерттеу университетіне ауысу барысында бизнес-ортамен интеграцияланған ғылымды дамытудың жаңа моделін құруға үлкен мүмкіндік беруде», – деді Дария Қожамжарова.

Айта кетейік, бүгін елордада «Nobel Fest: Цифрлық Апгрейд» халықаралық Нобель фестивалі басталды. Алқалы басқосуға Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылым, ақпараттық технологиялар, экономика және инновациялар саласындағы әлемдік жетекші  сарапшылар қатысуда.

Екі күнге жалғасатын жиында жасанды интеллект, климаттың өзгеруі, экономика болашағы, стартаптар мен заманауи еңбек нарығы, ғылымның жаңа қырлары, адамзат болашағы секілді өзекті мәселелер ортаға салынбақ.

Previous Post

Ұстаз болу - жүректің батырлығы

Next Post

AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СПАРТАКИАДА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде