masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СПАРТАКИАДА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

10 октября, 2023
in MASA24.KZ, Білім
0
AUEZOV UNIVERSITY-ДЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ СПАРТАКИАДА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкенттік студенттер арасында спартакиада өз мәресіне жетті. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығына арналған бәсеке спорттың жеті түрі бойынша өтті.

Auezov University спорттық-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған сайыста 400-ге жуық қатысушы футбол, тоғызқұмалақ, қол күресі, үстел теннисі, баскетбол және президенттік сынама сынды спорт түрлері бойынша бақтары мен баптарын сынады.

– Биыл оқу орнының 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтуде. Атаулы дата қарсаңында ұйымдастырылған жарыстың мақсаты –   салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, студенттерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу. Осы тақілеттес турнирлерді оқу орнында өткізу алдағы уақытта да дәстүрге айналмақ, – деп атап өтті спартакиада ұйымдастырушылары.

Бір аптаға созылған жарыс қорытындысы бойынша М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білімгерлері топ жарып, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Аграрлық факультет студенттері еншілесе, үшінші орын Заң факультетінің спортшыларына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Auezov University Басқарма төрағасы – Ректор Дария Қожамжарованыңалғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Previous Post

Дария Қожамжарова: Жоғары білім беру жүйесі цифрлық дәуірге көшуді қамтамасыз ететін басты көпір

Next Post

“Құжаттамалық терминал” таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде