masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

«Шырайлы шаһардың гүлденуіне атсалысамын»…

15 марта, 2023
in Cаясат, MASA24.KZ, Білім
0
«Шырайлы шаһардың гүлденуіне атсалысамын»…
0
SHARES
0
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Әлемнің екінші ұстазы, философ әл-Фараби бабамыздың «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты іргелі трактаты бар екені баршамызға белгілі. Біз тұрып жатқан шырайлы Шымшаһардың даңқы да «Қайырымды қала» ұғымынан алшақ жатпағаны ақиқат. Ойшыл бұл еңбегінде: «Тұрғындары бір-біріне мейірімді, қайырлы, қамқор, еңбекқор, ең бастысы, өздерінің туған қаласын ерекше сүйетін қауым – қайырымды қаланың тұрғындары» дейді. Осы тұжырымға терең үңілсек, Шымкентке ерекше баға беріп тұрғандай сезімде болатынымыз жасырын емес.

Шырайлы шаһарамыздың бұдан да өркендеп, гүлденуіне атсалысу әрбір қала тұрғынының азаматтық борышы деп бағамдаймын.

– Шымкент инфрақұрылымын: тартымды әрі дамыған іскерлік, сауда мен сапалы қызмет көрсетуге трансформациялау;
– қаланың «ең ыңғайлы», «ең мейірімді», «ең қауіпсіз», «ең мінсіз», «өмір сүруге өте қолайлы» даңқын жандандыру;
– қаланың тарихи келбетін сақтай отырып, жайлы инфрақұрылым мен жаңа қоғамдық кеңістіктерге жол ашу;
– қаланы дамытудың перспективалық агломерациясы, қызмет көрсету секторларын – білім беру, ойын-сауық, емдеу-сауықтыру және басқа да салаларды дамыту;
– қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту;
– 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру Бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын «Мамандығым-Болашағым» жобасын енгізу (кадрларға өңірлік қажеттілік карталарын қалыптастыру (жаңа кәсіптер мен құзіреттердің өңірлік Атластары).

Баршаңызға аян, біз «Жаңа, Әділетті Қазақстан» үшін һәм ұлтымыздың игіліктері үшін бар күш-жігерімізді еліміздің дамуына арнаймыз.

Бұл қуатты мемлекет болудың негізгі тетігі.

Дария Қожамжарова,

тарих ғылымдарының докторы,

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер

Previous Post

Жансерік МҰСАХАНҰЛЫ, Шымкент қаласы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер: «ХАЛҚЫМНЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН!"

Next Post

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде