Қызметтік жолым және өмірлік тәжірибемде келесі ұстанымдарды айқындап келемін:
Қала тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты қабылданатын барлық шешімдердің заңдылығын, ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;
Атқарылған жұмыстар бойынша ашық және тұрақты түрде есеп беріп отыру, бағдарламаның орындалуы бойынша дербес жауапкершілікте болу.
Сайланбалы немесе мемлекеттік лауазымға ие адамның міндеті – бақытты өмірдің кепілі болып табылатын – отбасы қауіпсіздігі, өрлеу, өсу, тұрақтылық ұғымдарын нығайтуға, оларды сақтауға қызмет етуі керек деп білемін.
Өзіне жүктелген міндеттемелердің нақты орындалуы — кез-келген жетістіктің кепілі болып табылады. Әрбір азамат өзінің мүмкіндіктері және кәсіби білімі мен тәжірибесіне байланысты өз деңгейіндегі міндеттерді шешуі керек деп санаймын. Менің депутаттықа кандидаттығымды ұсынуымның басты себебі халық игілігіне қызмет ету.
Жаңа қадам – сіздің таңдауыңыздан басталады!
Құрметті оқырманым егерде сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңыз пайда болса Био-дағы сілтемеге қалдырсаңыз болады, міндетті түрде қарайтын боламын.
Қанат Байболов,
№12 сайлау учаскесі бойынша
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер