«Тазалық – денсаулық кепілі. Осы сөзді басшылыққа алған Отырар ауданы орталығындағы барша мекеме қызметкерлері бір кісідей сенбілікке шықты.
Тазалық жұмыстарына атсалысқан барша қызметкерлер сенбілік барысында Шәуілдір ауылындағы Д.Алтынбеков, Жібек-Жолы даңғылы бойларына және Жастар саябағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жаяу жүргіншілер жолын сыпырып, қоқыстарды шығарды. Сонымен қатар, барлық ауыл округтерде саябақтар мен көше бойларына сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Жалпыаудандық сенбіліктің мақсаты – аудан көшелерінің тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік – ауданның сәулеті мен сәнін арттыратын, тазалығы мен тәртібін түзейтін ерекше үрдіс. Таза ауа, таза су, таза орта деген дүниенің өзі адамның ішкі тазалығынан туындайды. Сондықтан оған әр тұрғын белсене атсалысуы қажет.