masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Бәйдібек: Мыңбұлақтықтар шағын және орта бизнесті дамыту үшін аудан әкімінен қолдау көрсетуді сұрады

2 декабря, 2022
in Қоғам
0
Бәйдібек: Мыңбұлақтықтар шағын және орта бизнесті дамыту үшін аудан әкімінен қолдау көрсетуді сұрады
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес Мыңбұлақ ауылындағы Бөген жалпы орта мектебінің мәжіліс залында ауылдық округ тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі ауылдық округ тұрғындары бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы қысқаша тоқталып өтті.

Тұрғындар тарапынан Мыңбұлақ ауылындағы электр қуатының аздығы, қосымша трансформатор қажеттігі, Қайнарбұлақ ауылынан балық шаруашылығын қолға алуға байланысты жұмыстарға көмек берілсе, Бестоғай ауылындағы суармалы жерді суару арығына ағымдағы жөндеу жүргізу туралы, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Арыс-Түркістан каналы бойындағы 10-15 шаруашылықтың малдарын суғару үшін суат қалдырылса, ауылды дамыту мақсатында асыл тұқымды малды көбейтуге көмек берілсе, ауылдық аурухананың жұмысындағы мәселелер көтерілді.

Жиында көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім, мекеме басшылары жауап беріп, кейбір мәселелерді бақылауға алып, тиісті жұмыстар атқару жөнінде жауапты қызметкерлерге тапсырма берілді.

Асыл тұқымды малды көбейтуге және балық шаруашылығын қолға алуға байланысты жұмыстарға көмек берілсе деген тұрғындардың өтініші бойынша аудан әкімі қолдау білдіріп, қолданыстағы заң аясында көмектер берілетінін жеткізді.

Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Асқар Кенехан жүргізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Бәйдібек: Кезекті аппарат мәжілісі өтті

Next Post

Келес: Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде