masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Нашақорлық және есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

30 ноября, 2022
in Қоғам, Қылмыс
0
Нашақорлық және есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

🔶 Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлық және есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
🔶 Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала мамандары қатысты. Комиссияның күн тәртібінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы өткізілген іс-шаралар мен атқарылған жұмыстары қаралды.
🔶 Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, балалар, жасөспірімдер және жастар үшін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз ету, арнайы білім беру жобалары, қыздарды STEM пәндері мен цифрлық мамандықтарға оқыту бойынша арнайы жобалар әзірлеу қажеттілігі, балаларға инклюзивті білім беру, ерекше балалардың мәселелерін шешу, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жұмыстары туралы 3 мәселе бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова баяндама жасады.
🔶 Сонымен қатар, дәріханалалық нашақорлық және синтетикалық есірткінің мектеп пен студент жастарына қаупі туралы аудандық емхананың ана мен баланы қорғау жөніндегі басшы орынбасарының міндетін атқарушы, сарапшы Д.Берденова, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы өткізілген іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар бойынша аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция лейтенанты М.Баймахан өз баяндама жасап, слайд көрсетті.
🔶 Комиссияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, хаттамаға түсіріліп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев өз ойын, ұсыныстарын айтып қорытындылады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Кезекті мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Next Post

Сайрамдағы Бәйтерек елдімекенінде 6 гектарлық жылыжай жақында іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде