masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

28 ноября, 2022
in Қоғам
0
Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

🔶 Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демогарфиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиынды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала мамандары қатысты. Комиссияның күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
🔶 Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, балалар, жасөспірімдер және жастар үшін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз ету, арнайы білім беру жобалары, қыздарды STEM пәндері мен цифрлық мамандықтарға оқыту бойынша арнайы жобалар әзірлеу қажеттілігі, балаларға инклюзивті білім беру, ерекше балалардың мәселелерін шешу, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жұмыстары туралы 3 мәселе бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова баяндама жасады.
🔶 Сонымен қатар, дәріханалалық нашақорлық және синтетикалық есірткінің мектеп пен студент жастарына қаупі туралы аудандық емхананың ана мен бала қорғау жөніндегі басшы орынбасарының міндетін атқарушы, сарапшы Д.Берденова, «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жасалынып жатқан шаралар және алдын алу бойынша аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция лейтенанты М.Баймахан, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы А.Дүйсенбекова, Оранғай ауылдық округі әкімі аппараты әлеуметтік маманы, аналар кеңесі төрайымының орынбасары Г.Ибадуллаева хабарлама жасады.
🔶 Комиссияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, хаттамаға түсіріліп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев қорытындылады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 24-ші сессиясы өтті

Next Post

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде