masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

«Amanat Aqylman» интеллектуалды ойыны Кентауда жалғасты

29 ноября, 2022
in Білім
0
«Amanat Aqylman» интеллектуалды ойыны Кентауда жалғасты
0
SHARES
30
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Білімді азаматтармен озық ойлы жастардың басын бір алаңға біріктіретін «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны Кентау қаласында жалғасын тапты. Бұл жоба «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен жүзеге асырылуда.

Партияның қалалық филиалы мен «Jastar Ruhy» Жастар қанаты қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен сайысқа қала және оған қарасты ауылдардан 8 команда қатысты. Интеллектуалды ойынға партияның Кентау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арман Басаров, қала әкімінің кеңесшісі Ғалымжан Тойшиев, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы, қалалық мәслихат депутаты Қанат Бекметов, зейнеткер — ұстаз Бибі Дәрібаева, қалалық тілдерді дамыту орталығының директоры Ақмарал Утебаева қазылық етті.

— Жастардың тың идеяларын жүзеге асыру үшін «AMANAT» партиясы әрдайым қолдау білдіріп келеді. Аталған жоба миды ширатып қана қоймай азаматтардың ұйымшылдық және ұжымдастық қасиеттерін арттыруға, бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталып отыр. Сондай-ақ ойының тағы бір ұтымдылығы сан сала мамандарының басын қосу арқылы ауданымыздағы білікті, жан-жақты тұлғаларды анықтауға септігі мол. Бүгінгі ойыннан жеңімпаз атанған команда жыл соңында облыстық деңгейде өтетін ойында қала беделін қорғайтын болады, — деді Арман Амангелдіұлы.

Интеллектуалды ойын 4 кезеңнен тұрып, қатысушыларға қала тарихы, өнер саласы, партиялық жобалар мен логикалық сұрақтар қойылды. Тартысқа толы сайыс қорытындысы бойынша белсене қатысқаны үшін «Спорт», «Сұңқар», «Kreativter», «Хан тәңірі», «Байылдыр» командалары марапатталды.

Топ жарғандардың қатарында 3-орынды «Денсаулық» қалалық емхана қызметкерлерінен құралған жастар командасы иеленсе, 2-орын «Болашағымыз бірлікте» атты қала әкімі аппаратының жастары қатысқан топқа бұйырды. Тартысқа толы өткен ойында 1-орынды қалалық мәслихат аппараты мен мәслихат депутаттарынан құралған «Ғарыш» командасы жеңіп, Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтетін ақтық сайысқа жолдама алды. Жүлдегерлер партия филиалының дипломдарымен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы

 

Previous Post

Ордабасы ауданының кәсіпкер әйелдері бизнес бастауды қолға алуда

Next Post

Кентауда кезекті аппараттық жиын өткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде