masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кентауда кезекті аппараттық жиын өткізілді

29 ноября, 2022
in Қоғам
0
Кентауда кезекті аппараттық жиын өткізілді
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Кентау қаласы әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өткізілді. Жиынның күн тәртібінде жеті мәселе қаралды. Атап айтқанда, бюджеттің кіріс бөлігіндегі түсім көздерінің орындалуы, орталық базар аумағындағы ретсіз сауда орындарын жою жұмыстарының барысы, қала және ауылдардағы мемлекеттік құрылыс нормаларын, ережелері мен талаптарын бұзып, өз бетінше заңсыз салынған құрылыс нысандарын заң талаптарына сәйкестендіру жұмыстарының барысы, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар, NEET санатындағы жастармен жүргізілген жұмыстар, қала және оған қарасты ауылдарды аралау барысында анықталған кемшіліктерді ретке келтіру жұмыстарының барысы және «109» байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдар жайында баяндамалар жасалды.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары мен мекеме директорлары қатысты. Баяндамашылар өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, шешімді қажет ететін бірқатар мәселелерді талқылады.

Қала әкімі келіп түскен шағымдармен дер кезінде жұмыс жасауды және жиын барысында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды. Аталған тапсырмалардың жүзеге асырылуын орынбасарларына қадағалауды, сол бойынша әр жиында тиісті басшы баяндау керектігін атап өтті.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

«Amanat Aqylman" интеллектуалды ойыны Кентауда жалғасты

Next Post

Хантағылық тоғызқұмалақтан VI әлем чемпионатының чемпионы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде