masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Ауыл шаруашылығында 96,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген

30 ноября, 2022
in Экономика
0
Ауыл шаруашылығында 96,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жыл басынан бері ауданның ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілген өнім көлемі 96,6 млрд теңгені құрап, ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 3505 млн теңгеге жеткен.

Биылғы жылы аудандағы ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған 78,5 мың га жердің 49,5 мың гектарына мақта шиті себілген. Оның 49,3 мың гектар мақталық алқабы теріліп, орташа өнімділік 26 ц/га құраған шитті мақтадан 128,2 мың тонна ақ алтын жиналған. Одан бөлек, ауданда ерте егілген көкөніс дақылдарынан 79 мың тоннадан астам, бақша дақылынан 474,5 мың тоннадан астам (қарбыз 111,4 тонна, қауын 363,1 тонна), дәндік жүгеріден 29,5 мың тонна, жоңышқадан 71 мың тонна өнім алынған.

«Ауданда әрбір гектардан түсетін өнім көлемін ұлғайту мақсатында, биылғы жылы 292 шаруа қожалық иелері 1103 га жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 айында 5 га жерге жылыжайлар мен парниктер құрылысы салынып, жалпы көлемі 20 га жерге жетіп отыр.

Аудан шаруалары биылғы жылы 100 га жерге тамшылатып суғару технологиясын енгізген болса, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім дақылдарындағы тамшылатып суғару технологиясы 435 га жерді құрап отыр.

Биылғы мақта теру науқанына 715 дана трактор, 897 дана трактор тіркемелері, 61 дана бүріккіш (ОВХ), 224 дана мақта терім машиналары қатысты» дейді Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы.

Сала мамандарының мәліметінше ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бағытында беріліп жатқан мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалана отырып, ескі техникаларын жаңалау жұмыстарын уақытылы жүргізулерінің нәтижесінде биылғы жылдың өзінде 150-ге тарта техника алынған.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Жетісайда жаңа жұмыс орындарының саны артқан

Next Post

Бәйдібек: Е.Шәріпбеков таңатар ауылының тұрғындарын қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде