Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Таңатар елді мекені тұрғындарын қабылдады. Қабылдауда Таңатарлық тұрғындар елді мекендегі жол, газ, ауыз су, электр энергиясы, ұялы байланыс, қоқыс және өлексе тастайтын орын жөнінде өзекті мәселелерін жеткізді.
Таңатар ауылы тұрғындарын қабылдауда қойылған сұрақтарына аудан әкімі мен жауапты бөлім, мекеме басшылары жауаптарын берді.
Бүгінгі таңға, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан Таңатар елді мекенге кіре беріс 3,4 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынғанын. Аталған жолға 2023 жылы қаржы қарастырылып, орташа жөндеу жұмыстары облыстық басқарма тарапынан жүргізіледі. Ауыз су бойынша келесі жылы жер асты суына барлау жұмыстары жүргізіліп, су қоры жеткілікті деңгейде болса арнайы жоба жасап, құрылыс жұмыстарына қаржы қаралатын болады.
Ұялы байланыс бойынша 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында актив байланыс операторы жаңадан мұнара орнатып, 4G байланысқа қосылады.
Аудан әкімі Таңатар елді мекені тұрғындарын қоса отырып, арнайы жұмысшы тобын құрып, электр жүйесі мекемесімен электр энергиясының сапасына, жарамсыз бағаналарға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал газ жөнінде жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жобалар әзірленіп сараптама қорытындысы күтілуде екендігін, бұл бойынша жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Қоқыс және өлексе тастайтын орын жөнінде ауыл әкіміне тиісті жұмыс жүргізуді тапсырды.
Жалпы таңатар елді мекені тұрғындары тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, заңға сәйкес тиісті жұмыс атқарылады.
*****
Сонымен қатар аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Ағыбет ауылының тұрғыны Бақытжан Жұмаділлаевті қабылдады. Қабылдауда округ орталығындағы электр энергиясының сапасы, Алғабас ауылынан ашық спорт алаңшасын салып беру жөнінде мәселесін жеткізді. Электр энергиясы жөнінде зерделеу жұмыстары жүргізілгенін. Бұл бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін аудандық электр жүйесінің басшысы М.Айноқожа жауап берді. Ал ашық спорт алаңшасы жөнінде алдағы уақытта қарастырылатыны түсіндірілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі