Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына және 2022 жыл балалар жылына орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен отбасылар арасында «Отан – отбасынан басталады» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайыста аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев құттықтау сөз айтып, қатысушыларға сәттілік тілеп, отбасын нығайтудағы спорттық іс-шаралардың рөлі туралы атап өтті.
Сайыстың мақсаты жас отбасылар арасында отбасылық құндылықтарды, отбасы мүшелерінің спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Спорттық іс-шара 4 кезеңді қамтыды. Атаулы сайысқа қала, кент және ауылдық округтерден жалпы 9 отбасы қатысты. Жарыстың әр кезеңінде жеңімпаздарды төрешілер анықтап отырды. Өз шапшаңдықтарымен сайысқа белсене қатысып, жеңіске жеткен командалар марапатқа ие болды. Сайыста жеңіске жеткен командаларды арнайы дипломмен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Атап айтсақ, жүлделі орындарға «Егембердиевтер» отбасына І орын, «Сейсенбаевтар» отбасына ІІ орын, «Махмудовтар» отбасына ІІІ орын бұйырды.
Сонымен қатар белгілі номинацияларды «Өнегелі отбасы» — Анарбаевтар отбасы және «Жігерлі отбасы» — Базарбаевтар отбасы иеленді.
Жалпы денешынықтыру балалардың ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдауға ықпал етеді.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



