masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қаражатты игере алмағандар қатаң сынға ілікті

25 ноября, 2022
in Қоғам
0
Қаражатты игере алмағандар қатаң сынға ілікті
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін аудан әкімдігінде өткен аппарат жиналысында бюджет қаражатының игерілу барысы талқыланды. Жергілікті бюджеттің тиімді, мақсатты жұмсалуы –аудан басшысының жіті бақылауында. Аудан басшысы Мұхит Отаршиев төрағалық етуімен өткен жиында бірқатар дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауыл әкімдері қатаң сынға ұшырады.
«Бюджет қаржысын мақсатты игеру – басты назарда. Аталған қаржыларды облыстан бөлдіру үшін қаншама уақыт пен күш-жігер жұмсалады. Ал, сіздер келіп тұрған қаржыны игере алмайсыздар. Ауыл әкімдері мен бөлім басшылары, сіздердің бұл сан түрлі себептеріңіз, әншейін сылтау ғана» деді М.Отаршиев.
Аудан басшысы 11 айдың қорытындысы бойынша бюджеттен бөлінген қаржыны өз мерзімінде әрі сапалы игермеген жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолданылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, жиын барысында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Бигабулов жеке тұлғалардың жер, мүлік, көлік салығының берешегін өндіру туралы баяндады.
Жиын соңында аудан басшысы қала, кент және ауылдық округі әкімдеріне салық берешегі бар тұлғалардан салық жинау бойынша жұмысты жандандыруды бойынша нақты тапсырмалар беріп, іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.

(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Тұрғындар өтініші-басты назарда

Next Post

Отан - отбасынан басталады!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде