masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Өңір басшысы ««MEGA-AGAT» ЖШС жұмысымен танысты

25 ноября, 2022
in Экономика
0
Өңір басшысы ««MEGA-AGAT» ЖШС жұмысымен танысты
0
SHARES
13
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Орта Азияда баламасы жоқ поливинилхлорид түйіршіктері мен арнайы қоспасын шығаратын зауыт жобасымен танысты. 7,5 гектар аумаққа орналасқан кәсіпорын айына 600 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Қажетті шикізат қазіргі кезде Қытай мен Түркия және Ресейден тасымалданады. Жобаның жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайды.

Зауыт іске қосылғанда кемінде 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Кәсіпорын толық қуатына енгенде өз өнімдерін республика аумағынан бөлек, Түркия, Болгария, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне экспорттауды көздеп отыр. Айта кетейік, поливинилхлорид жоғары экономикалық тиімділігі мен өндірістің түрлі салаларында қолданылуы арқасында әлемдік сұранысқа ие бірден-бір материал саналады.

Сондай-ақ серіктестік аумағында орналасқан құрылысқа қажетті төбе жабыны мен қабырға панельдерін, резеңкелі жол кедергілері мен кәріз құбырларын шығаратын өндірістік цех жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда аталған цехта 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған бұл жобаға инвестор 600 млн. теңгесін жұмсаған. Серіктестік өз өнімдерін республика аумағынан бөлек, алыс-жақын шетелге экспорттауды қолға алған.

Теміржолдың кіреберіс жолымен жабдықталған орталықта жүк көліктерінің тасымалдау қызметі мен кедендік қызмет түрлері де өзара үйлестірілген. Оған қоса, кәсіпорынның көлік-логистикалық орталығы бір мезетте 1000—1200 тонна жүк сақтауға қауқарлы. Жалпы құны 80 млн. теңгені құрайтын орталық 15 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Отан - отбасынан басталады!

Next Post

Арысқа газ келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде