masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Жаңа балалар стоматологиялық емханасы ел игілігіне берілді

23 ноября, 2022
in Денсаулық
0
Жаңа балалар стоматологиялық емханасы ел игілігіне берілді
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты. Ал, біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дегенді естіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Денсаулық – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де балалар стоматологиялық емханасы керек. Денсаулық ел дамуының басты арқауы. Ал, бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Осы орайда аудан орталығында балалар игілігі үшін тіс емханасының ашылу салтанаты өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің заң кафедрасының деканы, заң ғылымының докторы, профессор Бауыржан Сматуллаев және ҚР Ұлттық құрылтай кеңесінің мүшесі, Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысып, аудан тұрғындарын осынау қуанышымен құттықтады.

Аудандық балалар стоматологиялық емханасы аудан тұрғындарына және ҚР азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызмет көрсетеді. Көрсетілетін стоматологиялық қызметтің түрлері 2-ге бөлінеді.

  1. Жоспарлы стоматологиялық көмек. Профилактикалық мақсатта алдын ала стоматологиялық тексеру (балалар мен жүкті әйелдерді). Бұл көмек түрлері 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, туа біткен жақ-бет патологиясы бар балаларға ортопедиялық көмек (ерін және таңлай жырығы бар балаларға), аз қамтылған отбасылардың балаларына (атаулы әлеуметтік көмек алатын) көрсетілетін ортопедиялық көмек, және жақ-бет және тістеу аномалиялары бар 6-12 жас аралығындағы балаларға ортопедиялық пластинка тегін жасалады.
  2. Оған шұғыл стоматологиялық көмек түрі (науқастың тісі қатты ауырғанда) көрсетіледі. Бұл көмек түрлері 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, 1,2,3 – топтағы мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа», белгілерімен марапатталған көп балалары аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық әлеуметтік маңызы бар ауруымен ауыратын науқастар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурумен ауыратын науқастарға мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдарға тегін шұғыл көмек көрсетіледі.

Аудандық балалар стоматологиялық емханасының ашылуына ұйытқы болған ауданымыздың тумасы, Шымкент қаласындағы стоматологиялық емхананың бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, стоматолог Орманов Ерғали Керімбекұлы. Өзінің білімділігі мен еңбекқорлығының арқасында медицина саласында үлкен жетістіктерге жетіп, бүгінде өзі туып өскен жеріне ем қабылдайтын стоматологиялық емхана ашып отыр. Озық үлгілермен стоматологиялық қондырғылар, құрал-аспаптар, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілген жаңа, заманауи медициналық балалар тіс емханасы бүгінде жұмысын бастап, науқастарды қабылдауда. Аталмыш медициналық орталықта 23 қызметкер жұмыс жасайды. Олардың 12-сі мамандандырылған дәрігерлер. Осы стоматологиялық балалар емханасына қарасты Жабағылы және Састөбе ауылдық округтерінде арнайы жабдықталған кабинеттер бар.

 

Previous Post

Ізгіліктің керуені - ізгі үміттің керуені

Next Post

Ordabasy: Ордабасылық қоғам өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға дайын екендерін жеткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде