Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Ордабасы аудынында қоғам өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты — мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мен есеп беретін аппарат құру, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Мақсатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл, Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Арынбаев, Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов, аудандық Қоғамдық Кеңес Төрағасы Б.Бекбосын және мүшелері, Үкіметтік емес ұйымдар, Ауыл билері, Аналар және Іскер әйелдер кеңесі, Дін, Қоғамдық келісім кеңесі, Кәсіподақ, Этно мәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында алғы сөз сөйлеген Нұрлан Арынбаев Агенттік қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікір білдіруде қоғамдық өкілдерінің орны ерекше, Агенттікпен әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасының қоғам алдындағы маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.
Сондай-ақ, мемлекет саясатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің салдарымен емес, туындау себебімен күресуге айрықша басымдық берілгенін баса атап өтіп, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғанын жеткізді.
Бұған қоса, жиын барысында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов және аудандық Қоғамдық Кеңес Төрағасы Б.Бекбосын күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады.
Шара соңында қойылған сауалдарға жауаптар беріліп, жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті;
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі