masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Түркістан облысында заманауи емхана ашылды

3 декабря, 2022
in Денсаулық
0
Түркістан облысында заманауи емхана ашылды
0
SHARES
27
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан облысы Сайрам ауданының Манкент ауылында заманауи емхана ашылды, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының ауылдық жердегі медицинаны дамыту жөніндегі тапсырмасына орай іске қосылған клиникалық орталық 15 мың адамға қызмет көрсетеді. Жаңа емханада қандай бөлімдер ашылады? Күрделі операциялар жасала ма? «Манкент медицина орталығының» құрылысы 2020 жылы басталып, биыл толық аяқталды.

3 қабатты жаңа нысан жақында іске қосылады. Жоба құны 1 млрд теңге. Заманауи емхана соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Бір мезетте 250 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. Бұл әсіресе ауыл тұрғындары үшін үлкен қолдау болды.

Мирахмет Дауранов, Манкент ауылының тұрғыны:

 — Бізде кішкентай бір амбуллатория болған. Барлығы соған баратын. Кейбірі Алматы, Жабмыл, Шымкент қалаларына бары емделетін. Бізге осындай медициналық орталық салып бергеніне рахмет. Керемет болды. Алысымыз жақын болды.

Мұнда 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Білікті дәрігерлер Алматы, Астана, Қарағанды қалаларынан және Өзбекстан мен Ресейден келген. Қазір 12 дәрігер болса, тағы 4-уі Өзбекстаннан келмек. Емханада қабылдау, терапия, хирургия, реанимация, қарқынды ем, операция, физиотерапия, сондай-ақ оңалту, клиникалық және сәулелі диагностика бөлімдері жұмыс істейді. Мамандар балалар хирургиясына да ерекше мән берілетінін айтады. Күрделі операциялар да осында жасалмақ.

Махмұт Рысқұлұлы, Манкент медицина орталығының бас дәрігері:

— Мұнда балалар хирург дәрігері осы уақытқа дейін болмаған. Осы мәселені шешу мақсатында ауданда балалар хирургиясы қызметін жолға қоюға дайынбыз. Жаңа жылдан бастап, лапароскопиялық түрде жасалатын барлық операцияларды бізде жасауға мүмкіншілік болады. Урологиялық, балалар хирургиясындағы операциялар және абдоминальды, торакальды операциялардың барлық түрі осында лапароскопиялық түрде жасалады.

Бұдан бөлек, Астана мен Алматы және Шымкент қалаларында ғана жасалатын зертханалық қиын талдаулар енді осында жасалады. Мамандардың айтуынша, нәтижесі 1 күнде дайын болады. Ал басқа сараптамалардың қорытындысы 1 сағатта шығады.

Previous Post

Түркістан облысында «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Next Post

Ordabasy: Мешіт салған - алладан алғыс алған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде