masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістан облысында «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 декабря, 2022
in Мәдениет
0
Түркістан облысында «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды
0
SHARES
25
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы бірлігін насихаттау және Балалар жылына арналған «Шаңырақ» байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Аталған байқау әлеуметтік желідегі жазбалар арқылы Қазақстан халқы арасындағы ынтымақ-бірлікті, өңіріміздегі этносаралық достықты қалыптастыруға атсалысу мақсатында ұйымдастырылды.

Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек модераторлық етті.

Бірлікке үндеген шарада «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева байқаудың маңыздылығына тоқталды.

«Өздеріңізге белгілі, жыл сайын Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Шаңырақ» шығармашылық байқауы өткізіліп келеді. Биылғы байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған шығармалар жарық көрді», — деді «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева.

Нәтижесінде «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауында алғашқы ынталандыру сыйлығын Алима Пашанова иеленсе, екінші ынталандыру сыйлығы Шолпан Дүтбаеваға берілді. Жүлделі І орынға Лаззат Сарыбаева, ІІ орынға Несібелі Иманқұлова ие болды. Ал, ІІІ орынды Несіпкүл Өтебаева иемденді. Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Жиын соңында «Шаңырақ» байқауына қатысқан авторлардың шығармаларына шолу жүргізілді. Бұл байқаудың қанаты кеңге жайылып, еліміздегі татулық пен бірлікті насихаттауда рөлі жоғары болғандығы атап өтілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Түркістан: Түлкібастық шаруалардың еңбектері еленді

Next Post

Түркістан облысында заманауи емхана ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде