masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан: Түлкібастық шаруалардың еңбектері еленді

3 декабря, 2022
in Қоғам
0
Түркістан: Түлкібастық шаруалардың еңбектері еленді
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Көктем шыға кетпенін күнге сүйдіріп еңбектенген шаруалар ала жаздай алқабын баптап, қоңыр күзде жиын терім уақытында жылдық азығын еселеп, еңсеріп алады. Бұл еңбеккерлер үшін- молшылық айы болып саналады. Егінін жинап, төл басын көбейтіп, еңбегінің жемісін, табиғаттың сарқылмас сыйын көретін де осы шақ. Төккен тер мен еткен еңбек еленіп жатса тіптен ғанибет. Игі дәстүр бойынша биыл да Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің ұйытқы болуымен «Алтын күз» мерекесі өз дәрежесінде аталып өтілді.
«Алтын күз-2022» мерекесі аудандық Мәдениет үйінде ауылдық округтер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін көрмеге қойып, халық назарына ұсынды.
Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасып, аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов аудан тұрғындарын «Алтын күз» мерекесімен құттықтап, ауданның ауылшаруашылығы саласына сүбелі үлес қосқан азаматтарға алғыс хат табыс етіп, сертефикаттар тарту етті. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы Сәдуақас Сейсенбаев, «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Еркебаев елеулі еңбек еткен бірнеше азаматтарға Алғыс хат табыстады.
Күннің албырт ыстығы мен жауын-шашынына қарамай еңкейіп еңбек еткен жандардың еңбегі еленді деген осы болар. Олардың еккен егіндері, төккен терлері біз үшін құнды. Өйткені, сол өнімдерді азық қылып, арзан бағада тұтынып жүргеніміз ақиқат. Түлкібас жері еңкейіп еңбек етемін деген адамға берекелі, құнарлы. Сол үшін де алақандай бақшамызды жайнатып, картоп, сәбізімізді, алмамызды өз жерімізден үзіп жегенге не жетсін? Тек еңбектену керек, ниеттену керек. Сонымен қатар, мерекелік жиында ауданның ауылшаруашылық саласының жетістіктері топтастырылған бейнеролик көпшілікке ұсынылып, жалпақ тілде атқарылған жұмыстар бойынша түсіндірме деректер айтылды. Жиын соңы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

«AMANAT AQYLMAN» интеллектуалдық ойыны Сауран ауданында жалғасын тапты

Next Post

Түркістан облысында «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде